АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ: 2-8 ШІЛДЕДЕГІ ШАРАЛАР

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ: 2-8 ШІЛДЕДЕГІ ШАРАЛАР

Астананың 20 жылдығын мерекелеу күндері қайда баруға болады? Sauap.org елордалықтар мен қала қонақтары назарына 2-8 шілде аралығында өтетін мәдени іс-шаралар тізімін ұсынады.

3 шілдеде таңертең Қазақстан Президенті-Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Атамекен» этномемориалды кешені алаңындағы биік төбедегі үлкен тутұғырға Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді. Бұл рәсім дәстүр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардың бастауы болып саналады. Сондай-ақ оның аясында Елбасы еліміздің жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.

3 шілдеде тұрғындар мен қала қонақтары ІІ Халықаралық «Құралай» қуыршақ театры фестивалінің аясында Түркия, Ресей, Эстония, Польша, Тунис, Бельгия сияқты елдердің, Астананың қуыршақ театрларының қойылымдарын тамашалай алады. Спектаклдердің барлығы елорданың Қуыршақ театрында өтеді.

4 шілдеге дейін Астанада жас балақайлардың көңілін «Құралай» ІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өзіне аударады. Астана сахнасында Тунис, Босния, Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Эстония, Сербия және Қазақстан елдерінің Қуыршақтар театрының ұжымдары өнер көрсетеді.

Фестивальдің үшінші күні, яғни 3 шілдеде Тунистің Ұлттық қуыршақ өнер орталығының «Кездесуімен» ашылады. Бельгия «Кішкентай қара шөженің тарихын», Тамбовтық мемлекеттік қуыршақ театры «Жучаны» ұсынады. Фестивальді астананың Қуыршақтар театры «Мәңгілік бала бейнесімен» аяқтайды. Аталмыш спектакльді отандық танымал драматург Роза Мұқанова жазған, ол 1949 бен 1989 жылғы Семейдегі полигонның садарынан ядролық сынақтың құрбаны болған балаларға арнап жазылған.

3-5 шілде күндері қалалықтар «Серпер» VІ республикалық қазақ халық аспаптар оркестрлері фестивалінің қонағы бола алады. Түрлі оркестрлердің ұжымдары Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда, «Студенттік», «Астаналық» саябақтарында өнер көрсетеді.

3-8 шілде күндері Тәуелсіздік сарайында қылқалам шеберлері мен қолөнершілердің түрлі жанрдағы көптеген жәрмеңкелері мен көрмелері жұмысын жалғастырады.

4 шілдеде сағат 19:00-де әзілсүйер қауымды Nomad city холында (ЭКСПО Холл Энергия) өтетін «Назар аудар» театрының әзіл-оспақ бағдарламасы күтетін болады.

4 шілде кешкісін Астананың қуыршақ театры залында «Құралай» Халықаралық фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі мен салтанатты жабылуы өтеді.

5-6 шілдеде «Жастар» сарайының жазғы сахнасында караокеден қалалық ашық чемпионатта Астана қаласы әкімінің Кубогі үшін жарысқа түсуіңізге болады. Сайыс сағат 15:00-де басталады.

5-6 шілдеде әкімдік алдындағы Қалалық алаңда көше биінен халықаралық «International Street dance Session in Astana» фестивалі өтеді.

6 шілдеде 11:00-де Республика даңғылы басынан (Әскери-тарихи музейден) «Жастар» сарайына дейін «Астана Самалы» ІХ халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалінің қатысушылары шеру тартып өтеді.

6 шілдеде ат бәйгесі түрлерінен «Астана кубогі» республикалық турнирі өтеді.

6 шілдеде 15:00-де «Жастар» сарайының жазғы сахнасында Астана қаласы әкімінің Кубогі үшін караокеден қалалық ашық чемпионаттың жартылай финалы мен гранд-финалы өтеді.

6 шілдеде 15:00-де Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда «Кел, шырқайық, балақай!» концерті өтеді.

6 шілдеде 17:00-де Қалалық алаңда (қала әкімдігі алдында) «Астана Самалы» ІХ халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалінің даладағы концерті өтеді.

6 шілдеде сағат 17:00-де Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда қала тұрғындары мен қонақтарының алдында венгриялық «Kurazsi» этно-би ансамблі өнер көрсетпек.

6 шілде күні сағат 18:00-де «Астана» (бұрынғы Конгресс-Холл) концерт залында КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының иегері Бибігүл Төлегенованың жеке концерті ұйымдастырылады. Концерт Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

6 шілде күні дәл осы кезде «Жастар» сарайының жазғы сахнасында елордалық «Менің сүйікті Астанам» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Сан түрлі мерекелік концерттер сондай-ақ Есіл өзенінің жағасында, «Қазақ елі» монументінің маңында (Тәуелсіздік сарайы алдында) және «Бәйтерек» алаңында өтеді.

6 шілдеде «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда гала-концерт өтеді.

7 шілдеде 09:00-де «Жастар» сарайында «Астана парады» республикалық көпжанры балалар байқауы ұйымдастырылады.

7 шілдеде 15:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда «Сәлем, Астана!» балалар концерті өтеді.

7 шілдеде 19.00-де Есіл өзені жағалауындағы амфитеатрда Astana FM On Air музыкалық фестивалі өтеді.

7 шілдеде 19:00-де Қалалық алаңда (әкімдік ғимараты алдында) италиялық «FORWARD» джаз квартетінің «Музыка энергиясы» атты концертін тамашалауға болады.

8 шілдеде 10:00-де «Жастар» сарайында Bravissimo IV халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының фестивалі өтеді.

8 шілдеде Есіл жағалауындағы амфитеатрда Kurazsi венгриялық этно-би ансамблінің концерті өтеді.

8 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында «Ән мен Әнші» гала концерті ұйымдастырылады.

8 шілдеде 18:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында эстрада әншісі Ернар Айдардың «Қазақтың жігіттері» атты концерті өтеді.

8 шілдеде 20:00-де Есіл жағасындағы амфитеатрда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Кеш жарық, Астана!» концерті болады.

Бұлардың сыртында 8 шілдеде 10:00-ден 11:30-ге дейін және 18:00-ден 19:00-ге қалалық парктерде Fitness Park Astana бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады (эстафета, қаппен секіру, топтық жүгіру, қақпаға доп соғу, стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, маунтинбайк).

2-8 шілде аралығында елорданың саябақтары мен спорт кешендерінде спорттың әралуан түрінен жарыстар ұйымдастырылады.

Астана қаласының 20 жылдығы аясында 3 күнге созылатын The Spirit of Astana 2018 музыкалық шоуы ұйымдастырылады. 6, 7 және 8 шілде күндері сағат 17:00-де «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда әлемнің 20-дан астам елінен келген 18 өнер ұжымы шығады. Фестиваль қонақтары мен көрермендернің назарына жанды дауыста орындалатын керемет туындылар және іс-шараға қатысушы елдер туралы танымдық интерактивті фильмдер ұсынылады. Келушілер дәстүрлі аспаптардың әуезді үндері мен заманауи технологиялардың ерекше үйлесіміне куә болады.

Фестиваль шымылдығын өзбектің «Abbos» тобы мен көмеймен ән айту шеберлерінің ерекше шоуы ашады. Қазақстан атынан «Aldaspan» этно-рок тобы, көмеймен ән айту шебері Еділ Құсайынов пен Satzhan Project және диджейлер – Nariman Issenov, Arsen Superfly, Алёна Лобастова, Ras Ed өнер көрсетеді.

Қазақстандық көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп үлгерген түркиялық «BaBa ZuLa» тобы The Spirit of Astana 2018 фестивалінің сахнасына алғаш рет шықпақ. Украиналық «The Doox» тобы да шараға тұңғыш рет қатысқалы отыр. Музыканттар көрермен назарына көне украиналық фольклордың электр және рок-әуендермен ерекше үйлесімін паш етеді.

Жапониялық «Oki Dub Ainu Band» тобы елорда тұрғындары мен қонақтарын көне айну халқының музыкалық мәдениетімен таныстырады. Биыл The Spirit of Astana 2018 фестивалінде Африканың музыкалық мәдениетін «Mamadou Diabate & Percussion Mania» және «Habib Koité & Bamada» топтары ұсынады.

Сонымен қатар, The Spirit of Astana 2018 сахнасында этникалық үндістерден құрылған «Indiogenes» тобы да шығады. Бұл – Аляска мен Ла Патагонияға дейінгі күллі Америка құрлығындағы үндістердің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жырлайтын ерекше жоба. Американың бай музыкалық мұрасын Қазақстанға алғаш рет келген «Dirtwirе» тобы да паш етпек. Folk project Katya Yamschikova астаналық көрермен назарына орыс халқының ұлттық әуендерін ұсынады.

Өткен жылғы фестивальда алматылық көрермендерге ерекше ұнаған Лаурита Пеленьюте жетекшілік ететін литвалық Marga Muzika ұжымы The Spirit of Astana 2018 фестивалінде алғаш рет өнер көрсетеді. Грузия халқының дәстүрлі ән айту және би өнерінің майталмандары – «GeoTRAIN» тобы биыл да фестивальға қатысып, келушілерді жаңа бағдарламасымен тәнті етпек. Ирландиялық «Jiggy» және мажарстандық «Kerekes Band» топтарының өнерін де осы фестиваль көрермендері алғаш рет тамашалайды. Оған қоса, астаналықтар мен шаһар қонақтарының алдында тувалық Khoomei Beat ұжымы мен курай аспабында ойнау шебері, башқұртстандық Роберт Юлдашев пен «Курайсы» тобы өнер көрсетеді.

The Spirit of Astana – мультимәдени жоба, оның мақсаты – Ұлы Дала жəне күллі əлем халықтарының мəдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері жұлдыздарының басын қосу.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

сілтемелер astana.gov.kz, ru.sputniknews.kz

Предыдущая АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА: Елордада қуыршақ театры халықаралық фестивалі өтеді
Следующая АСТАНА – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ НҰРЫ

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top