Дәлелденген: сенім сауықтырады, әрі ағзаның генетикалық кодын өзгертеді!

Дәлелденген: сенім сауықтырады, әрі ағзаның генетикалық кодын өзгертеді!

Бұқаралық ақпарат құралдарында қандай да бір адамның сенім арқасында айықпас аурудан арылғаны туралы мақала дүркін-дүркін жарияланып тұрады. Бірақ мұндай ғажайыптарға көптеген дәрігерлер мен ғалымдардың сенімсіздікпен қарап, шүбә келтіруге асық тұратыны құпия емес. Дәстүрлі медицина үшін тіпті қазіргі заманғы зерттеу әдістері растаған даусыз фактілер де нанымды көрінбейді, ол күтпеген жерден құлантаза айыққан сырқат адамға «бастапқы диагнозы дұрыс қойылмаған» деп түсіндіруге тырысады.

Бірақ америкалық генетик Брюс Липтон шынайы сенім, ой-сананың күш-қуаты арқасында адамзат шын мәнінде кез келген дерттен құтылуға қабілетті деп сендіреді. Мұнда тұрған ешқандай да тылсым жұмбақ жоқ көрінеді: Б.Липтонның зерттеулері көрсеткеніндей, нақты бағытталған психикалық ықпал ету тіпті… ағзаның генетикалық кодын өзгертіп жібере алады!

Гендерге сенім үстемдік етеді

Ұзақ жылдар бойы Брюс Липтон гендік инженерия саласына маманданды, докторлық диссертациясын табысты қорғады, бірқатар зерттеулердің авторы атанды. Осы уақыт үдерінде Липтон, көптеген басқа да генетиктер мен биохимиктер секілді, адамды әлдебір биоробот санаған және оның өмірі геніне жазылған бағдарламаға бағынады деп шексіз сенді.

Осы көзқарас бойынша адам бойында барлығын дерлік гендер анықтайды: оның сыртқы бет-бейнесінің ерекшеліктерін, мінез-темпераменті мен қасиет-қабілеттерін, қандай да бір ауруларға бейімділігін, ақыр соңында, өмір ұзақтығын. Және ешкім де өзінің жеке генетикалық кодын өзгерте алмайды, демек, бізге тек табиғат алдын ала белгілеп бергенге көну ғана қалады.

Доктор Липтонның көзқарастарындағы күрт өзгеріске оның жасушалық мембрананың қасиеттік ерекшеліктерін зерттеу бойынша 1980 жылдардың соңына қарай жүргізген сынақтары әсер етті. Оған дейін ғылымда мембрана арқылы нені өткізу керектігін жасушаның өзегінде болатын дәл осы гендер анықтайды деп есептелді. Бірақ Липтонның тәжірибелері жасушаларға сырттан болатын ықпалдар гендердің «мінез-құлқына» әсер ете алатынын, тіпті олардың құрылымының өзгеруіне әкеп соқтыратынын дәлелдеді.

Бұдан әрі дәл осындай өзгерістерді психикалық процестердің, немесе қарапайым тілмен айтқанда, ой-сананың күшімен – сенім көмегімен жасауға болатын-болмайтынын түсіну ғана қалған еді.

Доктор Липтон өзінің ашқан жаңалығы туралы былай әңгімелейді:

– Шындығын айтқанда, мен жаңадан ештеңе де ойлап тапқан жоқпын. Байырғы замандардан бері емші-дәрігерлер плацебо эффектісі туралы білген: яғни, дәрі екендігіне сендіре отырып, олар сырқатқа бейтарап затты ұсынады, бірақ науқастың сауығуға деген құштарлығының және оған осы «дәрінің» жәрдемдесеріне сенімінің арқасында әлгі зат шынында сауықтыруға ықпал етеді. Бұл таңқаларлық жайт, алайда әлі күнге оған ғылыми түсіндірме берілмей келген еді.

Менің ғылыми жаңалығым оның жауабын табуға мүмкіндік берді: дәрінің емдік қасиетіне сену арқылы адам өзінің ағзасында жүріп жатқан процестерді, соның ішінде молекулярлық деңгейде де өзгертеді. Адамзат сенім арқылы бір гендерді «ағытып» тастап, басқаларын «қосылуға» мәжбүрлей алады, осылайша, өзінің генетикалық кодын өзгертеді!

Осыдан кейін мен ғайыптан тайып, ғажайып сауығудың әралуан оқиғаларына зер сала бастадым. Дәрігерлер ондайға сенуден бас тартып келеді. Ал дұрысы, егер бүкіл әлемде тіпті осындай бір ғана жағдай болса, ол дәрігерлерді оның мәнісін айқындап, байыбына баруға итермелеу керек еді.

Ғажайыптар болады!

Академиялық ғылым Брюс Липтонның осы көзқарастарына қарсы дүр көтерілді. Соған қарамастан, ол өз зерттеулерін жалғастыра берді және олар барысында ешқандай дәрі-дәрмексіз ағзаның генетикалық жүйесіне әсер етуге әбден болатынын бірізділікпен дәлелдеп шықты. Ақыры генетикалық кодқа сырттан жасалатын ықпалды зерттейтін ғылыми бағыт ашылып, ол «эпигенетика» деген атау алды.

Әйтсе де, доктор Липтон ой-сананың күшін, яғни айналамызда емес, біздің басымыздың ішінде болып жатқанды – денсаулығымыздың жай-күйін өзгертуге қабілетті басты ықпал етуші күш санайды.

– Екі адамда қатерлі ісікке бірдей генетикалық бейімділік болуы мүмкін, бұл бұрыннан белгілі, – деп мәлімдейді Липтон. – Алайда оның бірін дерт меңдейді, ал екіншісі аман-сау қалады. Неге? Өйткені олар әртүрлі өмір сүрді: бірі анағұрлым көп стресті бастан кешті, олардың әрқайсысының өзін-өзі бағалауы, сана-сезімі мен көңіл-күйі, ойлары да әрқалай болды.

Бүгін мен сеніммен айта аламын: біз өзіміздің биологиялық табиғатымызды басқаруға қабілеттіміз. Біз ой-сана, сенім және құштарлық көмегімен өзіміздің генімізге ықпал ете аламыз.

Жер планетасындағы басқа тіршілік иелерінен үлкен бір айырмашылығы сол, адамға өз ағзасына психикалық нұсқау беру арқылы өз тәнін өзгеріске түсіріп, айықпас аурулардан, тіпті тұқым қуалайтын дерттерден сауығуға мүмкіндік берілген. Өзіміздің генетикалық кодымыз бен өмір жағдайларының құрбаны болу біз үшін міндетті емес! – дейді доктор.

«Өзіңіздің сауығатыныңызға сеніңіз, сонда сіз кез келген дерттен жазыласыз». Бір қарағанда, бәрі өте оңай көрінеді. Бірақ шынында бәрі олай емес…

Бір ғана ой-сана аздық етеді

Егер бәрі осылай оңай болса, адамдардың басым көпшілігі «Мен бұл дерттен айыға аламын, соған шексіз сенемін» дегенді күніне қырық қайталап, еш қиналмастан, денсаулығындағы кез келген проблемадан құтыла берер еді.

Бірақ бұлай болмайды. Доктор Липтонның түсіндіруінше, себебі, психикалық нұсқаулар тек біздің психикалық қызметіміздің 5%-ын ғана айқындайтын санамызға ене алады, ал қалған 95%-ын басқаратын түйсікке ол тіпті бір мысқалға кірмеуі мүмкін. Жалпыға түсінікті тілмен айтқанда, мидың күшімен сауығуға болады деп санайтындардың арасында санаулылары ғана осыған шын сенеді және табысқа жетеді. Ал қалған көпшілігі түйсік деңгейінде мұның мүмкіндігіне күмәнданады. Қазақша айтқанда, құлай сену деген жоқ.

Бұл жағдайда ағзадағы барлық процестерді автоматты түрде басқаратын түйсік мұндай ғажайыптың мүмкін екендігін жоққа шығарады. Өйткені түйсік қандай да бір ғажайыптың болуына қарағанда, оқиғаның өрбу барысының теріс сипат алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары деген қағидатты басшылыққа алады.

Липтонның байламынша, ерте жастан, дүниеге келгеннен алты жасқа дейінгі аралықта біздің түйсігімізде дәл осындай сенім беки бастайды: ересектердің әдейі немесе кездейсоқ айтылған сөздері, сондай-ақ жазалану, жарақат алу секілді ең ұсақ деген оқиғалардың өздері «түйсік тәжірибесін» және ақыр соңында адамдың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Оның үстіне жағымды, қуанышты оқиғалардан гөрі, бастан кешкен барлық жаман жайттар түйсікте көбірек жазылып, бекіп қалады. Табиғат осы арқылы өз перзентін ондай жамандықтарға қайталай жолығудан сақтауға тырысады.

Нәтижесінде, адамдардың басым көпшілігінде «түйсік тәжірибесі» 70%-ға «теріс жайттардан» және небары 30%-ға ғана «жағымды жайттардан» тұрады. Шын мәнінде өзін-өзі сауықтыруға қол жеткізу үшін осы ара-қатыс өзгеруі керек. Тек осы арқылы ғана біздің сеніміміз жасушалық үдерістер мен генетикалық код аймағына «баса-көктей еніп», өз ықпалын жүргізеді, осы жолда қойылған түйсіктің тосқауылдарын бұза алады.

«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді дана халқымыз. Бір кикілжің мен келеңсіз оқиға қарым-қатынастағы бар жақсылықты жойып жібермеуі керек. «Жақсының ашуы шәйі (жібек) орамал кепкенше» деген мәтел бар. Мінез-құлқыңызды ғана емес, ойларыңызды жақсыға қарай өзгертуге тырысыңыз.

Сенім – өз жолындағы кез келген тоспаны бұзып-жара өтетін қуатты күш екенін ұмытпаңыз.

Сеніңіз және өз ғажайыбыңызға қол жеткізіңіз!

Предыдущая Өзіндік дамуды неден бастау керек?
Следующая Ұзақ әрі сау-саламатты өмір: бұл тіпті де қиын емес!

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

 

Top