ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ БИОРЕЗЕРВАТЫ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ БИОРЕЗЕРВАТЫ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

2018 жылғы 25 шілде. ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіруші кеңесінің 30-шы сессиясы барысында Қазақстанның «Шарын» мен «Жоңғар» екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енгізілді, деп хабарлайды Sauap.org, ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып. Аталған шешім Индонезияның Палембанг қаласында қабылданды.

Бұл айтулы оқиға ұзақ уақыт бойы мұқият жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі болып табылады. Соңғы бір жыл бойы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының сарапшылары дайындаған «Шарын» мен «Жоңғар» бойынша номинациялық досье халықаралық сарапшылардың алдын ала бағалауынан табысты өтті. Нәтижесінде оны Халықаралық кеңес мақұлдады.

«Шарын» биосфералық резерваты жалпы көлемі 239,7 гектар жерде жайылып жатыр. Ол Алматы облысында орналасқан және Іле тауаралық қазаншұңқырдың орталық бөлігіндегі бірегей биогеожүйе түрінде болып келеді. Резерват Шарын өзенінің «каньон» сипаттас алқабын реликтілік шетен орманымен, Үлкен Бұғыты жотасының тау даласымен және жапсарлас жатқан шөл учаскелерімен біртұтас жүйеге біріктіреді. Сондай-ақ ол өңірдің биологиялық әралуандылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

«Жоңғар» биосфералық резерваты 645,6 гектар аумаққа өркен жайған, ол да Алматы облысындағы Жетісу Алатауы жотасының солтүстік макробөктерінде орналасқан және солтүстік Тянь-Шань тауының барлық тау экожелісін қамтиды. Осы резерват тек өңірдің биологиялық әралуандылығын сақтауда ғана емес, сонымен қатар планетадағы алманың барлық дақылдық сорттарының арғыатасы және алма сұрыптарын қалпына келтіру үшін ұстын-негіз болып табылатын алманың жабайы өсетін түрі – Сиверс алмасының гендік қорын (генофонд) қорғауда адамзат үшін үлкен мән-маңызға ие.

http://s3.fotokto.ru/photo/full/441/4410864.jpg

Осылайша, ЮНЕСКО тізіміндегі қазақстандық биосфералық резерваттардың қатары тағы екі объектімен толықтырылды және жалпы алғанда, енді ол он биорезерваттан тұрады:

  • Ақ Жайық,
  • Ақсу-Жабағылы,
  • Қорғалжын,
  • Алакөл,
  • Қатон-Қарағай,
  • Барсакелмес,
  • Қаратау,
  • Алтын-Емел,
  • Шарын,
  • Жоңғар.

Халықаралық мәртебе ЮНЕСКО-ның жаңа биосфералық резерваттарына халықаралық ынтымақтастықты, ішкі және сыртқы туризмді тиімді дамытуға, сондай-ақ орнықты даму қағидаттарын табысты ендіру ісінде өзгелер үшін үлгі ретінде ұсынылатын модельдік аумақтарға айналуға мүмкіндік береді.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

 

Фото: https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/195449/635e0bf9-d7ac-4ed0-a10a-146962bf4fd1/s1200?webp=false

Предыдущая МЕКТЕП ФОРМАСЫ МЕН СӨМКЕСІН ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?
Следующая ҚАЗАҚСТАН «БАЛАЛАР ЕВРОВИДЕНИЕСІНЕ» ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАТЫСАДЫ

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top