Өзіндік жетілдіру: практикалық кеңестер

Өзіндік жетілдіру: практикалық кеңестер

Қазіргі заманда көптеген адамдар өзін-өзі жетілдіру және тұлға ретінде өсу үшін ұдайы жұмыс жасау қажеттігін түсінеді. Бұл мансап сатысы бойынша өсу үшін де, өзіндік даму үшін де орасан зор мәнге ие. Тұрақты түрде жаңа материалдарды зерттеу өсуге көмектеседі. Ал өзіңді жақсы ете түсу өмірдің мәнін жақсырақ түсінуге және одан анағұрлым көбірек ләззат алуға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл үдеріс шексіз. Өйткені білім ағыны ешқашан сарқылмайды, ал адам әлеуетінің ұшы-қиыры жоқ. Тиісінше, әрдайым ең жақсы нәтижеден кейін одан да үздік нәтиже тұрады. Өзін-өзі жетілдіру жолы ұтымды әрі оңтайлы болуы үшін өзіндік даму саласындағы кәсібилердің кеңестерін пайдаланған ләзім. Бірден атап өтейік, олардың кейбірі қарапайым болып келеді, ал енді бірқатарын өмірде іске асыру үшін белгілі бір күш-жігер талап етіледі.

  1. Күн сайын кітап оқыған жөн. Ешқандай журналдар мен ақпараттық бағдарламалар осынау даналық көзін, рухани қазынаны алмастыра алмайды.
  2. Мемлекеттік және жаңа тілдерді үйреніңіз. Тілдік курстар адам бойына жаңа білім-машықтарды дарытады, сондай-ақ өзінің және басқа елдің мәдениетіне тереңірек бойлауына мүмкіндік береді.
  3. Әр адамда сүйікті хоббиі болуы қажет. Бәлкім, бұл үйреншікті немесе мүлдем жаңа саладағы ескі немесе жаңа әуестік-қызығушылық болуы ықтимал. Хоббиіңіз негізгі қызметіңізден түбегейлі түрде ерекшеленгені абзал. Әйтпесе, кез келген жұмыста міндет қойылып, жүктеме түсетіндіктен, ол шаршатады. Ал жүйке жұқартып, тән шаршататын хобби бола ма?
  4. Кез келген қалада қандай да бір салада тегін семинарлар, курстар немесе дәрістер өтіп жатады, бұлар жаңа білімдер мен машықты иеленудің тамаша тәсілі болып табылады. Олар кәдімгі заттарға жаңаша, басқа қырынан қарауға жәрдемдеседі.
  5. Айналаңызда қолайлы ауан-атмосфера түзіңіз. Дәл осы қоршаған орта сізді позитивпен ұдайы қуаттандырып, күн сайынғы шабыт көзіне айналуға тиіс. Бұл баспанаңызға, жұмыс орныңызға, киіміңізге және басқаларына қатысты.
  6. Әр күніңізді өнімді пайдаланыңыз. Әр таңда ерте тұрыңыз, бұл еңбек өнімділігін арттырады және өмір сапасына ізгі ықпал етеді. Бұл ретте жаңа күнді белсенділікпен өткізуге бірден-ақ өзіңізді өзіңіз қайраңыз.
  7. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу саламатты тән мен биік рухты сақтауға бағытталған, сондықтан ол күн сайынғы мәзір-моционыңызға қосылуға тиіс.
  8. Өзіңізге лайықты бәсекелесті тауып алыңыз. Бәсекелесу – тұлғалық өсу үшін қажетті ең бір үздік ынталандырушы күш болып табылады. Бұл ретте бәсекелес кез келген салада – қаржыда, артық салмақтан арылуда, спорттық жетістіктерде және тағы басқаларында болуы керек. Сонымен бірге мұның адал бәсекелестік түрінде жүруі және бақталастыққа ұласпауы аса маңызды.

Бұл тізімді ары қарай да жалғастыра беруге болады. Бірақ ең дұрысы, әрбір адам мақсатқа жетудің жаңа ережелерін өз бетінше белгілегені, сондай-ақ төл ынта-мотивациясын да анықтап алғаны жөн.

vitamarg.com материалдары негізінде

 

Предыдущая Барлығы геннен: тәрбиенің неде еш кінәсі жоқ?
Следующая Өзіндік дамуды неден бастау керек?

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

 

Top