4–15 ТАМЫЗ: АСТАНАДАҒЫ МӘДЕНИ ШАРАЛАР МЕН ДУМАНДАР

4–15 ТАМЫЗ: АСТАНАДАҒЫ МӘДЕНИ ШАРАЛАР МЕН ДУМАНДАР

«Астана күні» артта қалғанымен, Ұлы дала елордасының 20 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Sauap.org Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Сенбі, 4 тамыз күні сағат 20:00-де ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында SMASH сахналық лақап атымен белгілі ресейлік танымал диджей және музыкалық продюсер Андрей Ширман өнер көрсетіп, ырғаққа елти билеуді ұнататын қауымға өзінің үздік тректерін ұсынады. DJ сетті қазақстандық диджеинг жұлдыздары – Нұрберген Махамбетов пен DJ Timoffey қолдайтын болады.

4 тамыз күні 20:00-де Конгресс-орталығында (ЭКСПО көрме кешені аумағындағы нысан) Jah Khalib концерті өтеді.

Жексенбі, 5 тамыз күнгі кеште Қазақстанның танымал әртістері Айқын және Renzo тобы ән мен би сүйер жұртшылықты ЭКСПО аумағына шақырады.

2–5 тамыз аралығында сағат 19:30-да «Этноауыл» Ұлттық мәдени кешенінде «Алпамыс» театрландырылған цирктік шоуы өтеді.

4–5 тамыз күндері сағат 12:00 және 14:00-де Қуыршақ театрында А.Салаеваның «Байқа жолда, балақай» қойылымы ұсынылады.

4–5 тамызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайында «GEEK CON Astana 2018» фестивалі өтеді.

5 тамыз күні 12:00-де «Мәңгілік ел» монументі алдынан «Астана – Париж» веломарафоны бастау алады. Оның басты айырмашылығы сол, оған көздері нашар көретін велосипедшілер қатысады.

5 тамызда сағат 10:00, 17:00-де Астана қаласының «Жерұйық», «Астаналық», «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар жалғасын табады.

Осы апта бойы (30 шілде – 5 тамыз) сағат 10:00–18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан көркемөнер академиясының «Астана – арман қала» қолданбалы және көркемсурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Н.Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, С.Мүсіреповтың «Жаңа бастау» көрмесі жұмыс жасайды.

Осы апта бойы сағат 16:00-де қалалық цирк ғимаратына астаналықтар мен туристерді «Планета 13» Никулин атындағы Мәскеу циркі шақырады.

7 тамыздан 26 қыркүйекке дейінгі аралықта балалар мен олардың ата-аналарына, жалпы барша елордалықтар мен қала қонақтарына «Нұр Әлем» сферасында «Роботтар балы» интерактивті көрмесін тамашалап, болашаққа саяхат жасаудың тамаша мүмкіндігі туады. Робошоу – Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония роботты техникасының соңғы жетістіктерін және заманауи роботтардың слетін ұсынады. Қойылымның басты хедлайнері ағылшындық робот-гуманоид Теспиан болады. Бұл робот тек сөйлеумен шектелмейді, ол адамның ымдарын қайталайды, ән айтады, би билейді, күледі, жылайды, тіпті Шекспирдің шығармаларын да оқып бере алады. Соның арқасында ол бірнеше рет заманауи театр қойылымдарында да ойнаған. Шоуды тамашалау үшін «Нұр Әлем» сферасына билет сатып алып, кіруіңіз қажет.

9 тамыз күні сағат 19:00-де Есіл жағалауындағы Амфитеатр сахнасында «I LOVE ASTANA, I LOVE 90’s» атты 90-шы жылдар дискотекасы өтеді. Өткен ғасырдың аяғында адамдарды ынтықтырып, билеуге еліктірген әуендердің ашық аспан астындағы концертіне сол кездегі эстрада жұлдыздары мен музыкалық ұжымдар қатысады. Олардың қатарында «Стрелки», «Вирус», «ALL Давай», Карина Кокс («Сливки» тобы) бар. Ал кештің хэдлайнері – аты әлемге машһүр «Ace of Base» тобының солисті Дженни Берггрен (Jenny Berggren).

11 тамыз күні халықтың бір бөлігінің сүйіктісіне айналған отандық әнші Ерке Есмахан, сондай-ақ классикалық музыка мен поп, рок, электроәуеннің синтезі болып табылатын «кроссовер» музыкалық бағытының Қазақстандағы жалғыз өкілі Mezzo тобының концерті өтеді.

Концерттік бағдарламалар ЭКСПО жазғы сахнасында сағат 20:00-де басталады. Келушілер үшін кіру тегін.

Концерт басталмас бұрын әртістер «Нұр Әлем» сферасында фото және автограф сессияларын өткізіп, жұртшылықпен суретке түседі, фанаттарына қолтаңбаларын таратады.

Концерттер сыртында, ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасы жас көрермендерге арнап, керемет тосын сый әзірледі. Оларды 5–12 тамыз күндері сағат 19:00-де «Арманның оқиғасы» («Приключение Армана») атты ертегі қойылымы күтеді.

15 тамыз күні сағат 20:00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында өтетін ресейлік танымал әнші Дима Биланның концертіне билет сатып алған көрермендер «Нұр Әлем» сферасына да кіруге ұлықсат ететін, әрі кез келген күні келуге мүмкіндік беретін («ашық даталы») тегін билетке ие болады. Әртіс өзінің қойылымы барысында халыққа бұрыннан әйгілі әндерімен бірге, соңғы ән жинағы-альбомына енген жаңа туындыларын да орындайды. Шілде айына жоспарланған, бірақ кейінге қалдырылған Д.Билан концертіне сатып алынған билеттер 15 тамызға жарамды болып саналады.

Келушілердің жайлылығы үшін ЭКСПО аумағында жерасты тұрағы жұмыс істейді. Оған Тұрар Рысқұлов көшесі жағынан кіруге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейінгі, ал демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта «Астаналық», «Жерұйық», «Студенттер» парктерінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» атты концерттер сериясын тамашалай алады.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

Предыдущая ҚАЗАҚСТАН «БАЛАЛАР ЕВРОВИДЕНИЕСІНЕ» ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАТЫСАДЫ
Следующая ШАЛБАР ҚАЗАҚСТАНДА ОЙЛАП ТАБЫЛҒАН

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top