Sauap.orgМәдениетӨнер

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА: Елордада қуыршақ театры халықаралық фестивалі өтеді

1 шілде күні елордада отандық қуыршақ өнеріндегі жетекші кәсіпқой режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, Астана қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратованың атындағы ІІ «Құралай» қуыршақ театры халықаралық фестивалі ашылады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

1-4 шілдеде елордалық Қуыршақ театрының сахнасында Тунис, Босния және Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Эстония, Сербия, Қазақстан мемлекеттерінің ұжымдары өнер көрсетеді.

Фестиваль Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайына дейін жүретін театрға қатысушылар шеруімен басталады. Қаланың кең көшелерімен ұлттық киім киген балалар мен артістердің сүйемелдеуімен үрмелі аспаптар оркестрі, үлкен қуыршақтар, «Зара» шоу-балетінің артістері, ағашаяқпен жүрушілер шоуы жүріп өтеді. 1 шілде күні таңертең өтетін керемет шараны өткізіп алмаңыздар.

Шеру сағат 10:30-да басталады.

Фестиваль бағдарламасының бірінші спектаклі сағат 13.30-да көрсетіледі. Мемлекеттік Алматы қуыршақ театры көрермендер назарына «Қаңбақ шал» халық ертегісін қояды.

Екі сағаттан кейін «АДАДЖО» сахналық миниатюрасы көпшілік назарына ұсынылады. Бұл Ресей мемлекеттік сахналық өнер институтының қуыршақ театры факультетінің және «Културна сцена МАЛИ СТВАРИ ТРЕБИНЕ» (Босния және Герцеговина) театрының бірлескен шығармашылық жобасы.

Қонақтардың бірі қойылымды тамашаласа, басқалары серб режиссері Амела Вученовичтің «Қуыршақ және бала», «Адамгершілікке тәрбиелеу», «Қуыршақ ойнатушы артістің өнері» шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Фестивальдің бірінші күні италиялық «Верди» қуыршақ театрының интерактивті шоуымен аяқталады.

2 шілдеде сағат 10.00-де көрермендер стамбулдық (Түркия) «Қаракөз» қуыршақ театрының орындауындағы «Мусорный монстр» қойылымын көре алады. Содан кейін петерборлық Виктор Антонов «Жіптегі цирк» қойылымын көрсетеді.

Сонымен қатар, күндізгі бағдарламаға эстониялық «Projekt» театрының «Умка» қойылымы және «MarekWaszkiel» поляк театрының «Побудка, подьем и сияние» туындысы енгізілді.

3 шілдеде фестиваль Тунис ұлттық қуыршақ өнері орталығының «Кездесу» қойылымымен жалғасады. Бельгиялық «FigurenTheatreVlinders» театры «Кішкентай қара балапан туралы хикаяны» көрсетеді. Тамбов мемлекеттік қуыршақ театры «Жуча» қойылымын ұсынады. Фестиваль елордалық Қуыршақ театрының «Мәңгілік бала бейне» спектаклімен аяқталады. Отандық драматург Роза Мұқанованың еңбегі 1949-1989 жылдары Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен балаларға арналған.

4 шілде күні кешке Астана қуыршақ театрының залында «Құралай» халықаралық фестиваліне қатысушыларды марапаттау және оның салтанатты жабылуы өтеді.

Дереккөзі (қайнары): Sauap.org

Редакция Sauap.org

You may also like

Sauap.org

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ҚҰТЫ

фото: https://24.kz/  Қасиетті Қазалы өңірінде Тілеуберген Төребекұлы есімді кеудесі қазынаға толы абыз ақсақал ...

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

two × two =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

More in Sauap.org