«БАСПАНА ХИТ» 7,25%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН

«БАСПАНА ХИТ» 7,25%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН

Ұлттық банктің еншілес ұйымы «Баспана» ипотекалық ұйымының колл-орталығы күн сайын жүздеген қоңырау қабылдайды, әлеуметтік желілер және сайттағы кері байланыс түрі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтар легі толастар емес.

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды барынша қызықтырған сұрақтарға ипотекалық ұйым басшысы Қайрат Алтынбеков жауап берді.

  1. Жаңа да, ескі үй де жарайды

Иә, дәл осылай. «Баспана Хит» жаңадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте егер сіз пәтерді жаңа салынған үйлер нарығынан сатып алғыңыз келсе және басыңызда тіркелген үй болмаса 7-20-25 бағдарламасына назар аударуға кеңес берер едім. Ал атыңызда үй болса, онда сіз 7-20-25-ке қатыса алмайсыз. «Баспана Хит» бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіңізде қанша пәтер болса да жаңа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуыңызға болады. «Баспана Хиттың» жалғыз ғана шектеуі бар: өтелмеген басқа ипотекалық кредитіңіз болмауға тиіс.

  1. Клиент үшін пайыз үстемесі өзгермейді

Қазір «Баспана Хит» бағдарламасының номиналды сыйақысы жылына 11%-ды құрайды. Үстеме Ұлттық банкінің базалық ставкасына тікелей байланысты, тек оған 1,75 пайыз қосылады. Бүгінде Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25%-ды құрайды. Демек, соған 1,75%-ды қосамыз да, 11% мөлшеріндегі қорытынды үстемені аламыз (базалық ставка Ұлттық банк интернет сайтында ұдайы жарияланады). Мысалы, егер ертең Ұлттық банктің базалық ставкасы 6 пайызға түссе, «Баспана Хиттың» жылдық сыйақы пайызы 7,25%-ды құрар еді.

Осы орайда бізге мынадай сұрақтар көп түсуде: азаматтар «Баспана Хит» бойынша кредит алып қойғаннан кейін оны өтеу барысында Ұлттық банк базалық ставканы өзгертсе, ипотеканың жылдық ставка да өзгеріп кетпей ме?» деп алаңдап жатады. Жоқ, шарт жасалған кезде көрсетілген ставка сол ипотека төленіп біткенше өзгермейді.

  1. Баспана Хит бойынша ипотекалық кредитті қайдан алуға болады?

Бүгінде біз «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі бес банкпен қосымша келісімге отырдық. Олар Цеснабанк, Халық банк, Банк ЦентрКредит, BankRBK және Еуразиялық банк. Жуырда тағы екі банк қосылады деп отырмыз. Осылайша Қазақстанның 7 ірі банкі сіздерге «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруге дайын.

 

Достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

Материалды көшіріп басу кезінде sauap.org сайтына сілтеме жасау міндетті!

Сілтеме:: www.baspana72025.kz

Басты фото: https://ipshnik.com/wp-content/uploads/2016/07/127138455783e1d8ddd7f4.11839782.jpg

Предыдущая РУХТАН! БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Следующая ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

9 + eighteen =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top