Н.Дәутайұлы, Айғыркісі

Н.Дәутайұлы, Айғыркісі

Несіпбек Дәутайұлы, Айғыркісі

Баяғыдан, алты ай жаз, сонау қар алғаш түскенге дейін қымыздан аузы құрғамайтын Есқұл отағасының күндегі әдеті — құлынды желіден бесін ауа ағытып, кекілі қалың кер биесімен ауылдан аулақтау аласа таудың қойнауына қарай кетіп бара жатады. Бүгін де солай. Қойнауда суы мӛлдіреген жылға бар. Айналасы кӛкорай шалғын. Соған биесін таң азанға дейін жайып алады. Кешелері колхоздың жылқысын талай жыл бағып, талай күндерін түн күзетіп ӛткізіп, түзге түнеуге дені ауып қалған адам емес пе, кӛкорайы кӛз жауын алатын қойнаудың тымық түндегі кәусар ауасын сіміріп жатудың ӛзі пейіш.

Предыдущая Н.Сералиев, Аңсау
Следующая Н.Ораз, «Мерседес» Және Махаббат

 

Top