О.Бөкей, Бура

О.Бөкей, Бура

Оралхан Бөкей, Бура

Бура Қазақбай ауылын талақ тастап, қашып шықты.
Хайуан да аңсап, ұзақты түн телміріп, сарғая ататын таңдай сазды сағыныштың бесігінде тербеле алады екен. Хайуан да егіздің сыңарындай кеше ғана тілерсек тістесіп, бұла боп өскен келесінен бір-ақ күнде көз жазып, айырылып қалғанда, қысастана шайпауланып, албатыға лағып кетеді екен. Бура өткенін — сол өкінішсіз өтпелі өткенінің қимас қымғуыт шақтарын іздеп, ұзақты күні салқар сахараны кезетін-ді. Шудасы желпілдеп, маң-маңтбасып, белгісіз бұлыңғыр да буалдыр үлпілдек үміттің жетегінде шеру тартатын.

Предыдущая О.Бөкей, Бәрі де Майдан
Следующая О.Бөкей, Сарыарқаның жаңбыры

 

Top