Н.Ораз, «Мерседес» Және Махаббат

Н.Ораз, «Мерседес» Және Махаббат

Нұрғали Ораз, Біз, Ол, «Мерседес» Және Махаббат

Біз оны бір көргеннен-ақ ұнатып, ес-түссіз ғашық болып қалғанымызды сездік. Тіпті, оның жас мөлшері, дене-пішімі, бойы, әрине, ойы да өзімізден әлдеқайда үлкен, әлдеқайда ересек екендігіне де қарамадық. Өйткені ондай
аппақ, ондай сұлу, ондай сымбатты қыз біздің ауылда бұрын-соңды болған жоқ еді. Шөл даланың шақшиған күні аяусыз қақтап тастаған қара торы, қызыл сары қыздардың алуан-алуан түрін оп-оңай-ақ табатынсыз. Олардың ішінде, әрине, әдемісі де, сүйкімдісі де, сүйкімсізі де толып жатыр. Бірақ солардың бірде-біреуі ол сияқты сұлу, ол сияқты аппақ емес еді.

Предыдущая Н.Дәутайұлы, Айғыркісі
Следующая О.Бөкеев, Апамның астауы

 

Top