О.Бөкей, Жесірлер

О.Бөкей, Жесірлер

Оралхан Бөкей, Жесірлер

Ақ шашты әйелді көргенің бар ма, Қайғы жұтып қартайған. Мағрипа күйеуін майданға аттандырған жылы не бары жиырмаға толып еді. Қайғы-қасірет пен тақсірет құрығының не екенін біліп, күннің көзіндей құбылмалы дүниенің күйдіріп те, тоңдырып та жіберетін құдіреті барын тұңғыш рет мойындап, ағыл-тегіл жылаған — шын жылаған жылы да осы. Ол жиырмаға толғанын білмеген де, ел басына күн туған зауал жылдың таңдайда қалар тәттісінен гөрі ғұмыр бойы құтылмайтын зар арқалатып бергені ғана есінде. Егер бұл ғаламда пенденің: аз жасасын, көп жасасын, әйтеуір, бір ең қымбатты қимас шағы болатыны рас болса, керісінше мәңгі бақи ұмыта алмайтын қан жұтқан қасіретті мезеті де болады екен. Мағрипа осының екеуінің де дәмін татты. Жеңсігі болмаса да тағдыр атты тарантас мінгізіп әкетті үстіне. Тағдыр арбасы кімге жайлы, кімге жайсыз.

Предыдущая О.Бөкей, Табиғат өмір адам
Следующая С.Мұратбеков, Жусан иісі

 

Top