Ж.Аймауытов, Елеусіз ерлер

Ж.Аймауытов, Елеусіз ерлер

Жүсіпбек Аймауытов, Елеусіз ерлер

Мектеп үйінің алдында жиналған қалың топқа екі зиялы кӛп сӛйледі. Қазақтың тарихынан қозғай, қауып-қатерді үйіп-тӛгіп, аласапыран, жаугершілік заманда ел қорғай-
тын азамат болмаса, жоғалып, құрып кетесіңдер, деп елдің қамын жеп сӛйледі. Жиылған қауым тырс етіп жауап қайырмады. Тамағын кенеп, жӛтеліп, тымағын кӛзіне түсіріп, жер шұқып отыра берді. Жұрт ӛрт қамаған қойша ұйлығып, шығуға жол таба алмай, иығы түсіп кетті; белсеніп шығып, қасқиып жауап берерлік жан табылмады. Әншейінде елге басалқы айтатын ақсақалдар таба алмай сандалды, аузына құм құйылды. Ӛйткені, мәселе тосын еді, шешуі қиын еді.

Предыдущая Ж.Аймауытов, Елес
Следующая Ж.Аймауытов, Канапия мен Шәрбану

 

Top