М.Хакімжанова, Өлендер

М.Хакімжанова, Өлендер

Мәриям Хакімжанова, Өлендер

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Тула жүрек
Тула-тула, Тула бүгін,
Тула бүгін! Жүрегім!
Тула, жарыл, өмір бойы,
Осы емес пе ед – Тілегің?!
Күні кеше, Күңдік пенен –
Қайғы орнына Қан толса,-
Бесігіңе Бөлен бүгін Жүрегім!
Міне бүгін, – Жүрегімді
Тербетеді – Жібекжел.
Жібек желдің Тербеуімен,
Жүрек сырын Жырлап бер.
Тексеретін Терең қиял,
Болмаса да, Білімің,
Тонды емес Орамалды,

Предыдущая М.Байғұт, Жемелек

 

Top