О.Бөкей, Сарыарқаның жаңбыры

О.Бөкей, Сарыарқаның жаңбыры

Оралхан Бөкей, Сарыарқаның жаңбыры

Күн еңкейіп барады. Мен Қызылқайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырмын. Жазатырдан елең-алаңнан шыққан қос атты күн екіндікке таянғанда, Аршаты аулына келіп түсті. Жүрістері суыт емес, аттарын сипай қамшылап қатты аяң мен бүлкек ит желістен оздырған жоқ-ты. Сондығы ма, міністерінің алқымы мен құлағының түбі ғана жіпсіпті. Өздері сергек. Дік-дік түсе-түсе қалысты да, аттарын бұғының қатып-семіп қалған мүйізі қағылған кермеге байлай салды. Ағаштан қиып салынған қос бөлмелі үйге беттеді.

Предыдущая О.Бөкей, Бура
Следующая О.Бөкей, Шұғыла

 

Top