Т.Әлімқұлов, Қош бол, Абсент

Т.Әлімқұлов, Қош бол, Абсент

Тәкен Әлімқұлов, Қош бол, Абсент

Қатар-қатар орналасқан темір құрсаудағы жылқының тіршілігі бір қалыпты өтіп жатады. Қолдан берген құнарлы азықтан диланған, қоңданған жануарлар тордағы арыстандай әсер етеді. Ауық-ауық тыпыршып,
шатқаяқтан мойын бұрып, табиғат азаттығын аңсайды. Ішқұсталық асқынғанда кісінеседі. Кәнігі атшы келгенде далаға шығарын түйсініп, оқыранады.
Үйреншікті сейіл өлшеулі. Тәуліктің белгілі мезгілі бар. Осы мезгіл кейде кенет бұзылады. Мәртебелі кісілер келгенде кезексіз выводка жасалады. Оның өзі де барлық жылқының пешенесіне бұйырмайды. Асаудың асауы, жараудың жарауы, мүсіндінің мүсіндісі сыртқа шығарылады. Бұндайда сыртқа келіп тоқтаған темір көлікті сезген жылқы басын көтеріп, сейілден дәмеленеді.

Предыдущая С.Аронұлы, Өлеңдер
Следующая Т.Толқыңқызы, Өлеңдер

 

Top