І.Жансүгіров, Құлагер

І.Жансүгіров, Құлагер

Ілияс Жансүгіров, Құлагер

Тасқында, тау суындай көңіл жыры,

Қазақтың сусындасын ойы-қыры.

Бұрқырат кер бұланды кең далаңа,

Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры.

Далаңның той болғанда қиял құсы,

Жүйріктей бабындағы жүгір, міні;

Орай шап алдын, артын жиын жұрттың,

Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны.

Предыдущая Х.К.Андерсен, Түйме қыз
Следующая С.Торайғыров, Ауырмай есімнен жаңылғаным

 

Top