Қ.Жұмаділов, Ақынның ақырғы күндері

Қ.Жұмаділов, Ақынның ақырғы күндері

Қабдеш Жұмаділов, Ақынның ақырғы күндері

Соңғы айларда дүние асты-үстіне шығып, мидай былығып кетті. Бастан
кешіріп жатқаны реалды өмір ме, әлде кӛрген түс пе, ажыратудың өзі қиын. Әлде бұл осынау пәнимен параллель, қатар өтіп жатқан басқа бір уақыт иіріміне түсіп кетті ме? Бәлкім, бұл әлдеқашан өліп, мына көріп жүргені – тозақтың қинауы шығар? Ешнәрсе айқын емес. Ойлай-ойлай сана да сарқылған. Үміт үзілген. Бастабында ғайыптан бір ғаламат күш келіп, құтқаратындай кӛрінуші еді, өлеусіреп барып ол да өшіп тынды.

Предыдущая Қ.М.Саманбеков, Ұлы Отан соғысы және Қазақстан
Следующая Қ.Жұмаділов, Басынан Қаратаудың көш келеді

 

Top