Қ.Жұмаділов, Басынан Қаратаудың көш келеді

Қ.Жұмаділов, Басынан Қаратаудың көш келеді

Қабдеш Жұмаділов, Басынан Қаратаудың көш келеді

Қазақ халқының болашақ тағдырына тiкелей әсер етiп, шешушi рөл атқарған бiр ұлы оқиғаға ендi бiрнеше айдан кейiн 50 жыл толады. Ол – 1962 жылдың сәуiр айында Шыңжаңның Тарбағатай аймағынан қопарыла қозғалған қазақ кӛшi. Кӛктемгi көкөзек шақта, небәрi жиырма шақты күннiң iшiнде (10 сәуiрден бiрiншi майға дейiн) 200 мыңдай қазақ империя шекарасын қақырата бұзып, атажұрт Қазақстанға өте шыққаны мәлiм. Бұл, шын мәнiнде, ұлттың еңкейiп кеткен еңсесiн бiр көтерiп тастаған, қазақтың сұйыла бастаған қанын қоюлатып, дiлi мен тiлiн едәуiр бекемдеген оқиға болды.

Предыдущая Қ.Жұмаділов, Ақынның ақырғы күндері
Следующая Қ.Жұмаділов, Тұл махаббат

 

Top