Қ.Түменбай, Бұқа баққан қыз

Қ.Түменбай, Бұқа баққан қыз

Қуандық Түменбай, Бұқа баққан қыз

Аяжанмен ұрсысып табыстым. Жас дейтін жас емес, жиырманың жуан ортасындағы қыз екі бұқаның соңынан салпақтап ереді де жүреді. Қолында көк шыбық. Маңдайы жалпиған, басы шабадандай тӛртбұрышты қара қасқа бұқа былшық көзімен сүзіле қарап, стадионның сыртындағы көк шөпті жұлып жеп, қасынан біреу өте қалса сілекейін шұбыртып сәл кідіріп, қайтадан көк шөпке құныға бас қояды. Мүйізі тұқып, маңдайы қасқа екі бұқаның екеуі де тарттырылмаған, кей-кейде қызыл істігі біздей үшкірленіп, тәнінен қиғаштай шығып, көзге алабөтен кӛрініп қалады.

Предыдущая И.Крылов, Мысалдар
Следующая М.М.Талғатбек, Ұлы Отан тұтқындар мәселесі

 

Top