М.Дулатұлы, Өлеңдер

М.Дулатұлы, Өлеңдер

Мыржақып Дулатұлы, Өлеңдер

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа – күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң кҿз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, тҿбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
Еш арманым болмас еді өлгенімше…

Предыдущая Ж.Аймауытов, Ақбілек
Следующая М.Шаханов, Өлеңдер

 

Top