Шерхан Мұртаза, 41 жылғы келіншек
– Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің, Мақсұт?
Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.
– Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.
Ол үндемеді.
– Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.