Ғабиден Мұстафин, Қарағанды
Жан-жағынан темір арқандармен тартып тастаған түтінсіз темір труба биік деңнің бетінде тұр. Оны төңіректей, ертеде салынған бес-алты тас барак тым аласа, қайсыбірі жарылып құлауға бейімделген, сыртынан тіреп қойыпты. Барақ маңы жота-жота көмір күлдері, жел үп етсе қара боран тұрады. Бірақ, жер әлі қызбаған, дымқыл, көктем жаңа басталды.