Оралхан Бөкей, Аспанда ұшқан 6 қаз
Мен тағы да туған ауылыма келе жатырмын. Мен туған ауылға келе жатқан сайын, Күркіременің жағасына аялдап, осынау көк түтіні көкке ұмтылған үйлердің, алуан-алуан адамдардың алуан-алуан тағдырын көз алдыма елестетемін. Бірақ көз алдыма елестетсем де, ауылда кім бар, кім жоқ, өмірге қандай сәби келді, ақ басты ақсақалдары тың ба, құрбыларымның ішінде тұрмыс құрғандары бар ма — бәрі-бәрі беймәлім.