Б.Ғ. АЯҒАН, ЖАҺАНДЫҚ СОҒЫС ТАРИХЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Əлем тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы жа-
ғы нан, шығындары мен миллиондаған адамдардың өмірін құрбан
етуі жағынан өте жойқын болғандығы анық. Осы соғыстың өткеніне
70 жылға таяу уақыт өтсе де, ақиқаты бұрмаланған, көмескі тартқан
тұстары баршылық. Одан кейін, жалпы əлемдік саяси жағдайды уақыт
контекстінде қарастыру аса маңызды мəселе.