Оралхан Бокей, Бәрі де Майдан
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толып, ұлан-асыр той, телегей-теңіз қуаныш болып жатқан мамыр айының жайма-шуақ кҥнінде, дәлірек айтсақ, май айының тоғызында ағаштап қиып салған төрт бөлмелі үйдің есігі таңертеңнен кешке дейін ашылған жоқ. Ауыл-аймақ, көрші-қолаңның бар-барлығы тайлы-таяғы қалмай клубта өтетін мерекелік жиналысқа кеткен. Ал түтіні де шықпай, есігі тарс жабылып тұрған үйдің иесі — Ақан болса, ертелетіп тұрып, шағыр қасқа биесін ерттеген де, дәл