Сәбит Дөнентаев, Көркемтай
Көркемтайдың шын аты – Көркемәлі, кішкене кезінде балалармен ойнағанда тілі келмеген балалар «Көркемтай» деуші еді.
Шешесі де еркелетіп сүйгенде: «Көкемайым – Көркемтайым» деп әдеттеніп, содан «Көркемтай» атанып кеткен. Үлкен-кіші бәрі де Көркемтай дейді. Кейбіреулер шын аты Көркемәлі екенін де білмейді. Бөтен жұрт түгіл Көркемтайдың өзі де шын аты Көркемәлі екендігін бері келе білген. Оған дәлел: кішкене кезінде «Көркемәлі» деп атын атағанда жатсынып, «Көркемтай» десе, жалт қарайтын.