Оралхан Бөкей, Шұғыла
— Мұқа-ау, Мұқа! Аттарды шешсек қайтеді. Күн еңкейіп қалды ғой.
— Др…р…р…р… Жамандатқыр шағырқасқаның болдырып қалғанын көрмеймісің жекпей жатып-ақ. Осымен доғарсақ дейсің бе? Мына қалған жерді шауып тастамадық па…
— Жә, қойшы соны. Ертең де күн бар ғой. Жауын жаумай, жылқылы ауылға барып қайтайық та.
— Бригадир бұрқырап жүрмесе…