АҚШ-та Қазақ күйлерінің антологиясы таныстырылды

АҚШ-та Қазақ күйлерінің антологиясы таныстырылды

«Сауап» қоғамдық қоры өз қаражатына шығарған «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы» / «Антология казахского кюя «Аманат» / Amanat Anthology of Kazakh kyui» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың Америка Құрама Штаттарында тұсаукесерлері өткізілуде, деп хабарлады Sauap.org «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақ күйлерінің антологиясы Америка Құрама Штаттарына жетті. 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған «Аманат» жинағында қазақтың 500 күйі жинақталған. Аталмыш жоба – «Сауап» қоғамдық қорының бірнеше жылға созылған зерттеу жұмыстарының жемісі. 

Жоба авторлары елдің музыкалық мұрасын алдағы уақытта Азия және Еуропа елдеріне насихаттауды жоспарлап отыр. 

Мүслім Хасенов, «Сауап» қоғамдық қорының өкілі: 

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай Қазақ халқының өнерін және күйлерін әлем елдеріне таныстыруды жөн көрдік. Шетелдіктер қазақтардың бай музыкалық мәдениетін білуі керек деп ойлаймын. Әр күйді іздеп, табу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, архивтерді ақтару және оны цифрлік форматқа көшіру сынды бірталай қиындықтар болды. Соған қарамастан мәдениетімізді насихаттауға арналған туындымыз жарық көріп отыр.

Антологияның тұсаукесеріне АҚШ тұрғындары және Вашингтондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев жоба авторы, «Сауап» қоғамдық қорының директоры Света Бабағұлды, қор өкілдерін қабылдады.

Осы күні «Сауап» қоғамдық қорының делегациясымен сондай-ақ Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулы Алмат Айдарбеков кездесті.

Атап өтер жайт, 2021 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі ғимаратында «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы» / «Антология казахского кюя «Аманат» / Amanat Anthology of Kazakh kyui» жинағының үлкен тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.

Бұған қоса, Американың Сан-Франциско, Бостон және басқа да ірі мегаполистерінде аталған «Аманат» Қазақ күйлері антологиясының тұсаукесерлері өтеді деп жоспарлануда.  

Жақсы сөз – жарым ырыс, 

ырысты болу үшін әлеуметтік желіде бөліс!

 

Сайт материалын пайдалану үшін Sauap.org сайтындағы осы материалға гиперсілтеме жасау міндетті!

Фото: Sauap.org

Предыдущая Бақытбек Смағұл жер түйткілінің халық күткен шешімін хабарлады
Следующая Депутат проблеманы лезде шешіп, «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» дәлізіндегі ел наразылығының алдын алды

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

4 × 4 =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top