Өткізілетін орны: «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені
Өткізілетін күні: 30 маусым – 1 шілде
Кіру тегін
«Көшпенділер әлемі» этнофестивалі 2018 жылғы маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл күндері елорда тұрғындары мен қала қонақтары «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде көшпелілер әлеміне саяхаттап, Ұлы Даланың рухын сезінуге мүмкіндік алады.
Фестивальдің тұжырымдамасы Венгрияда 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Түркі халықтарының Үлкен құрылтайы» моделіне негізделіп отыр. Фестивальдің аумағы 7 ауылға бөлінген: жаужүрек сарбаздар, құралайды көзге атқан мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар, ісмер қолөнершілер, көшпенділер мәдениетін жетік меңгерген музыканттар осы ауылдардың тұрғындарына айналады.
Бұл ауылдарға келушілер үшін оның «тұрғындары» сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етпек.
- «Ақ мерген» ауылы: мұнда «байырғы жауынгерлер» көшпенділер ойлап тапқан ең көне қарудың бір түрі саналатын садақпен атудан үздік шеберлерді анықтайды.
- «Шабыт» ауылы: түркі халықтарының этникалық музыкасымен таныстырады.
- «Тайбурыл» ауылы: «Көкпар тарту», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Асау» және тағы басқа ұлттық ойындар паш етілетін, сайыстар өтетін арена қызметін атқарады.
- «Керуен сарай» ауылы: меймандарға көшпенділердің ас әзірлеу әдісін ұсынады және дәмі тіл үйірер ас түрлерінен дәм татуға шақырады.
- «Алтын сақа» ауылы: «Қазақ күресі», «Арқан тарту», «Асық ату» және тағы басқа көшпенділердің дәстүрлері ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылатын, жасын жігерлі, биік рухты, зор қуатты батыр жігіттерге арналған алаң болады.
- «Батыр» ауылы – ежелгі ұрыстар сценарийі қалпына келтірілетін дала батырларының лагеріне айналады.
- «Шебер» ауылы – қолөнершілер өздерінің бірегей бұйымдарын паш етуімен қатар, оны жасаудың қыр-сырымен бөлісетін шеберхана болады.
Осылайша, жиналған қауым көшпенділердің шынайы мәдениетіне қанығады және Башқұртстан, Болгария, Венгрия, Қырғыстан, Түркия, Украина, Якутия және Қазақстаннан жиылған дала көшпенділерінің «action» (экшн) стиліндегі сан түрлі қойылымдарынан ләззат алу мүмкіндігіне ие болады.
«Амазонкалардың» өнер көрсетуі – көрермендерді ерекше күйге салар осындай әсерлі және ерекше қойылымдардың қатарынан орын алмақ.
«Арқайым» нео-этнофольклорлық тобының, хомусшы әрі көмеймен ән айтудың шебері Тюрген Каманың, «Тұран» этно-фольклорлық тобының, «The Spirit Of Tengri» байқауының лауреаты Юлиана Кривопашкинаның және басқа да өнерпаздардың музыкалық шашуы көшпенділер әлеміне сүңгіп, сезімге бөленуді қамтамасыз етуге тиіс.
«KÓSHPENDILER ÁLEMI» фестивалі Қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып, өткізіледі
«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің мекен-жайы:
Астана қаласы, «Қарқаралы көшесі, 1», «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан.
Этноауылға келесі автобустар барады (аялдама атауы: «Қазанат»): 301, 302, 303, 308: 12, 32, 35, 46, 53, 102 экспресс, 300, 305, 312.
Дереккөзі (қайнары): Sauap.org