Sauap.orgБілімҚазақстан жаңалықтары

Жұмыс берушінің қанша жалақы, салық пен жарна аударғанын смартфоннан қалай тексеруге болады

фото: https://sun9-41.userapi.com/ 

Қазақстандықтар жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын, әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды қаншалықты уақытылы және толық көлемде аударып отырғанын дер кезінде, жедел біле бермейді. Кеш байқап, қуынып жүргендер де жетерлік. Осы орайда «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисі пайда болғанын хабарлаймыз. Ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын көруге мүмкіндік береді, деп жазады Sauap.org Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.  

Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады.

Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Бұл ретте жұмыс берушілері жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар осы деректерді қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

Мемкірістер органы «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болатынын еске салады.

 

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

 

Жақсы сөз – жарым ырыс, 

ырысты болу үшін әлеуметтік желіде бөліс!

 

Сайт материалын пайдалану үшін Sauap.org сайтындағы тиісті материалға гиперсілтеме жасау міндетті!

Редакция Sauap.org

You may also like

Sauap.org

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ҚҰТЫ

фото: https://24.kz/  Қасиетті Қазалы өңірінде Тілеуберген Төребекұлы есімді кеудесі қазынаға толы абыз ақсақал ...

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

5 − four =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

More in Sauap.org