Sauap.orgӘлемдеБілім

Өзіндік тану қағидаттары

Адамның ең алдымен өзін өзі тануы маңызды, мұны байырғы замандардың даналары да атап көрсеткен. Әрине, әр ғасырда ғылымның даму деңгейі әрқалай болды, бірақ ғылым әрқашан да адамның жан сарайына үңілудің мүмкіндігін қарастырды және соны қажетсінді. Рас, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өрлеуі адамдарды «өзін өзі іздеуден» шамалы аулақтатып, шынайы өмірді виртуалды кеңістікпен ауыстыруда. Соған қарамастан, материалдық құндылықтарға мейлінше тәуелсіз болуға шақыратын өмірлік философия танымал бола түсуде.

Қарапайым тілде «инсайт», «майндсайт» секілді шетел сөздері берік бекуде, бірақ өмірде іске асырылмаса, бұлардың бәрі бекер, еш мағынасы жоқ ұғым болып шығады. Мысалы, америкалық психолог Дэниел Сигел адамның ішкі әлемін теңізге теңейді. Біз өзіңіздің осы ішкі теңізіңізді қалай меңгеруге болатыны туралы айтпақпыз.

Дегенмен, бұдан бұрын тағы бір қызықты жайтты атап өткеніміз абзал. Байырғы заман даналары адамның жан сарайын бүкіл Ғаламмен салыстырған. Басқаша айтқанда, біздің сырттан сарсыла іздегеніміз шынында баяғыдан-ақ біздің бойымызда, ішкі әлеміміздің тұңғиығында жатыр. Бір адамның әлдебір істегі шеберлігіне, қасиетіне тәнті болып, «мен бұлай істей алмаймын» деп ойларсыз. Шынында, әр адам туғаннан өз бойына біткен қасиеттердің тек кішкене бөлігін ғана пайдаланады. Біз өзіміздің өмір жолымызда осы қасиеттердің қайсібірін ғана тауып, дамытамыз. Қалғаны су түбіндегі асыл тастай, қала береді. Оларды табу үшін әр адам өзінің жан сарайына тереңірек сүңгіп, өз тұлғасын тануға тырысуы қажет.

Үйренуге тұратын бірінші жайт – өзіңді де, өзгелерді де сырттан бақылау қабілеті. Бұл ретте өзіңді бақылау сәті бірнеше есе маңызды. Өйткені өз іс-әрекеттеріңді дұрыс, сайма-сай бағалай алу өз әлеміңмен және қоршаған ортамен келісімді сақтауға өте көп көмектеседі.

Келесі керектісі – ең қажетті нәрселерге назар шоғырландыра білу болмақ. Бұл жерде өз бойыңыздағы тең жақсы жақтарды ғана көруге тырыспаңыз. Кейде шынайы себебін түсіну үшін теріс, жағымсыз эмоцияларыңызға тура қарауға, терең үңілуге батылдық таба білу керек болады. Сонда қалыптасқан жағдайдан барынша мол пайдамен шығуыңызға жол ашылады. «Мені мұң басты» және «Мен мұңға баттым» деген екі сөзді салыстыра келе, психолог Сигел: «Біз бірінші жағдайдағыдай эмоцияға тәуелді болмауға тиіспіз, қайта екінші сөздегідей, оның үстінде болуға, басқаруға тиіспіз!» дейді. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, «мені МҰҢ басты» деу арқылы біз эмоцияны «басымызға шығарамыз», ал «МЕН мұңға баттым» дегенде, бәрі өзіміздің қолымызда екенін сезінеміз. Психолог-ғалымның түсіндіруінше, өзімізді әлденеге тәуелді жағдайға қою сезімінен арылмайынша, біз өзімізге жайсыздық тудырған жайтты өзгерте де алмаймыз.

Кемеңіз ілгері жүруі үшін бұрын теңіз түбіне тасталған зәкірлеріңізді көтеріп алуыңыз керек! Тіпті ең бір зілсіз-зиянсыз естелікке «ілініп» қалсаңыз, оның өзімен бірге басқа, анағұрлым ауыр естеліктерді тартып шығару қаупі бар. Сонда өмірдің рахатын көру орнына сол өміріңізді ауыр естеліктердің қирандыларынан арылтуға қайтадан уақыт шығындауыңызға тура келеді. Жалпы, жадтағы «зәкірлер» – қауіпті нәрсе, олар адамды бір жерде бұлтартпай ұстап тұрады. Осылайша, олар еркіндікте өмір сүруге бұйыратын табиғат заңдылықтарына қайшы келеді.

Ақыр соңында айтарымыз, жақсы жайттардың ішінде тек ең бақытты, ең жарқын деген сәттер ғана жадқа жазылып, естелік болып қалатынын ескерсек, уақыт жоғалтпаңыз: өзіңіздің ішкі сарайыңыздың объективін сізді бақытты ететін нәрселерге бағдарлаңыз да, ой-санаңыз үшін ғажайып та сиқырлы «суреттер» түсіруге кірісіңіз!

vitamarg.com

 

Редакция Sauap.org

You may also like

Sauap.org

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ҚҰТЫ

фото: https://24.kz/  Қасиетті Қазалы өңірінде Тілеуберген Төребекұлы есімді кеудесі қазынаға толы абыз ақсақал ...

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

fifteen − one =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

More in Sauap.org