Sauap.orgИсторияИстория КазахстанаНовости Казахстана

Первое интервью Назарбаева в качестве Елбасы

Лидер нации Нурсултан Назарбаев впервые после сложения президентских полномочий дал большое интервью. В нем он рассказал, почему было принято такое непростое решение, также прокомментировал слухи о двоевластии в стране. Заявил, что слухи о захвате казахстанских территорий Китаем распускают беглые воры из заграницы. Sauap.org приводит полную расшифровку интервью Первого Президента РК Н.Назарбаева телеканалу Хабар.

Нурсултан Абишевич, глубоко отрадно вас видеть, приветствовать вас. Я предлагаю начать с этой исторической даты 19 марта, вот среди журналистов, если можно расскажу, поделюсь, были мы в редакции в этот день – это все было неожиданно, в глазах у журналистов мы в редакции сидели работали, почему и что делать дальше? Все с растерянностью смотрели друг на друга. Это было неожиданностью как для казахстанцев, так и для мира. И вот спустя полгода, вопрос такой. Не жалеете ли о принятом решении?

Не жалею, конечно, потому что это было абсолютно продуманное со всех сторон решение. Значит, не надо забывать, что я во главе Казахстана нахожусь 30 лет. А если считать с 79 года прошлого века, когда я стал секретарем ЦК КП, то 40 лет. Как руководитель Правительства с 1984 года – 35 лет. Но, во-первых, спасибо народу, который все эти годы избирали, и я был главой государства, все же у какой-то части населения может и усталость от одного человека, этот момент есть. Во-вторых, нужны изменения, ничего не стоит на месте, нужны новые люди, новые кадры. Любой другой человек – у него свой взгляд, свое отношения. Поэтому это абсолютно продуманный шаг. Я думаю, что я правильно сделал, и я не жалею нисколько, о том, что я это сделал. И кого я избрал преемником, я от руководителей многих больших государств мира, получил телефонные звонки и с сожалением, и с тем, что мы транзитом власти решаем мирно, демократично, согласно нашей Конституции. Поэтому многие считают нас как пример. И здесь вопросы заключаются в том, чтобы все, что было сделано за 30 лет – это закрепить. А мы достигли великих успехов за эти годы, небывалых. Казахи в своей истории никогда так не жили, как сейчас. Это факт, это никто не может, никто кроме нас на стыке двух веков не построил столицы такой как наша, миллионный город уже стал. Поэтому с благодарностью за доверие которое мне было оказано я решил отойти. Есть какой-то возрастной ценз. Первый руководитель государства должен быть всегда на белом коне, впереди, иметь абсолютно сильную энергетику, если бы мне от родителей не досталось столь сильной энергетики я бы, наверное, не выдержал, потому что годы были трудные. Так что, не жалею, считаю, что я правильно сделал. Ради народа, ради Казахстана.

–Нұрсұлтан Әбішұлы, 30 жыл ел басқарып, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек ету кез келген адамның қолынан келе беретін дүние емес. Осы ретте сіз табысты қызметіңіздің сырымен бөлісіп өтсеңіз? Оның сыры неде?

–Ол туралы көп жазылды, көп айтылды. Биыл менің ел басқаруымның 30 жылдығын қорытындылауға арналған конференцияда азаматтар сөз сөйлеп, жан-жақты талқылады. «Қандай қиын-қыстау жағдайда болдық, не істедік?» деген мәселелер сөз болды. Әрине, елдің сенімін арқалап, осы жылдар ішінде серіктестеріммен, замандастарыммен бірге жүз жылға татитын шаруаны атқардық. Оның бәрі елге мәлім. Елдің әл-ауқатын арттыру үшін ең бастысы экономика ғой. Экономика өспесе, экономика өнімді болмаса, мемлекеттің қалтасында қаржы болмайды. Мемлекетте қаржы болмаса, зейнетақыны да, жалақыны да төлей алмайды. Айта кетейік, осы жылдар ішінде экономикамыз 20 есеге жуық өсті. Осы жылдар ішінде 2 мыңға жуық аурухана-емханалар, 1,5 мыңнан астам мектеп, мыңға тарта балабақша салынды. Осының барлығы – халықтың әл-ауқаты, жағдайы. Осындай қамқорлықтың, ел табысының көбеюі арқасында қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан бастап 73 жастан асты. Бұйыртса, одан да жоғарылап, 80 жасқа дейін жетеді. Мұндай бізде қашан болды? Ешқашан болған емес.

Халықтың саны да өзгерді. Мысалы, 1991 жылы мен тәуелсіздікті жариялар кездегі жағдайға қарасақ, Парламентте – Жоғарғы кеңестің депутаттарының ішінде қазақтардың үлесі 44 пайыз болатын. Қазақстанда да ұлт үлесі сондай еді. Ал бүгінде қазақтар саны Қазақстанда 70 пайызға жетіп қалды. Біз үшін бұл үлкен жетістік.

Кеңес одағы құлағанда оның құрамында болған елдер не істерін білмей қалды. Осы жерде боламыз ба, болмаймыз ба? Қазақ тілін білмейтіндердің болашағы жоқ екен деп, жан-жаққа көшкен кезде халқымыздың саны 14 миллионға дейін азайып кетті. Қазір Құдайға шүкіл, 18 миллионнан асып жығылдық. Оның 70 пайыздайы – өзіміздің қазақ.

Енді елорданы Алатаудың баурайынан Арқаның төсіне алып келу де оңай шаруа болған жоқ. Еш мемлекет мұндайды жасаған жоқ. Осының алдында ғана Моңғолия Премьер-министрімен кездестім, олар да Улан-Батордың түбінде қала салайын деп жатыр. Бұл ретте біздің тәжірибені үйренгісі келеді.

Астананы көшіруге қарсы адамдар да болды. Себебі, сенбеді. Жағдай қиын еді. Үкіметте ақша жоқ. «Бұл қаланы қалай саласың, не су шықты Алматыдан?» деген көп әңгімені естідім ғой. Бірақ бұл да біздің геосаясаттың шаруасы еді. Оны түсіне алатын адам түсіне береді. Бұл жақта қазақ қалмаған болатын. Қазір Қазақстанның ең қазақи қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы болып отыр. Қазақ деген бір туысқаны жолбасшы болып көшіп барса, қалғандары ереді ғой қолтығына папкасын қысып. Сол сияқты төңіректегі көшіп кеткен неміс, орыс және басқа этностардың үйлерін біздің ағайындар алуда. Ол да үлкен жақсылық. Оңтүстіктегі қалың жұртты солтүстікке қарай көшіру, мына жақта мүмкіншіліктің барлығы бар екенін білдіріп, үлкен шаруа жасадық. Айта берсе, ол жөнінде әңгіме көп. Және айтылады да.

Мен кейде мынау астанамызға қарап отырып, істелген жұмысты көре отырып, өзіме-өзім таң қаламын. Орыста бар ғой, «Өз көзіме өзім сенбеймін» деген сөз. Бұл қалай қолдан келді, қалай болды?! Менің буынымның істеген шаруасы – осы! Елдің қолдауына, осылай жігер бергеніне ризамын. Мінекей, үлкен шаруаларды жасадық.

Нурсултан Абишевич, предлагаю вернуться к первой теме по сложению президентских полномочий. Все-таки муссируются вопросы, кто-то делает умозаключения свои о вопросе двоевластия, я предлагаю еще раз вам поставить на этом точку, прокомментировать.

Я слышу это все, читаю, смотрю. Это как говорят, от лукавого. Сплетни специально запускаются людьми, которые не хотят стабильности в Казахстане. Хотят, чтобы здесь драка была, раздвоение было и так далее. Это наши беглые воры, предатели Родины они оттуда запускают, чтобы спокойную жизнь народа нарушить. Это не имеет никакого основания под собой постольку-поскольку Казахстан является унитарным государством с президентской формой правления. Такое не только у нас, это французский вариант, российский вариант, отчасти американский вариант. То есть Президент Токаев избран всенародно, он является Президентом.

Что касается меня, вам тоже известно, согласно закону я являюсь Председателем Совета Безопасности – да этот орган решает вопросы внутренней и внешней политики, согласовываются кадры, но это коллегиальный орган. Я только Председатель, а там членами являются все руководители страны, где мы коллективно решаем, чтобы не допустить ошибок. И мой статус, тоже определенный конституционным законом Елбасы или қазақша айтқанда, Ұлт көшбасшысы – моя задача, во-первых, обеспечить работу Совета безопасности, руководство политической партии Nur Otan, Ассамблея народа Казахстана.

Ну и кроме этого многие международные органы в создании которых я принимал участие предложили мне стать почетным председателем этих органов, мы потом поговорим на эту тему. То есть, работы хватает. Приглашают – я туда еду, потому что там провожу интересы Казахстана, нахожу новых друзей для Казахстана, инвесторов для Казахстана. Поэтому я в этом ключе продолжаю работать.

Конечно, Президент Токаев советуется со мной. И когда обращаются, я с высоты своего опыта жизненного и практического ради страны, такие советы даю. Но советы советами, решение принимает тот, кто берет эти советы. Поскольку сам наш Президент объявил первым пунктом повестки дня преемственность и это преемственность от того, что было сделано. И я тоже хочу, чтобы преемственность была – курс на развитие, курс на стабильность страны сохранялся дальше.

У Черчилля есть хорошие слова, он говорил, что «У меня никакого сомнения нет, что отдавать власть намного приятнее, чем принимать ее». Я вот думал, что же за такое выражение? Потому что принимать – значит брать на себя ответственность, большую ответственность перед народом, перед всеми. Сможешь ли ты это делать или не сможешь. Если не сможешь, зачем туда идешь? Еще есть такая пословица, это греческие философы еще сказали: «Власть надо давать тому, для кого это тяжелая работа, а не для того, кому это вожделение». Я совсем с другой позиции на это смотрю.

–Елімізде президенттік сайлау өтті. Оның қорытындысы шығарылғанға дейін сарапшылар сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетеді деген еді. «Ең бастысы, оны Назарбаев қолдап отыр» деген уәждер де айтылды. Неге сіздің таңдауыңыз Қ.Тоқаевқа түсті? Өзге кандидатуралар қарастырылды ма? Әлде жоқ па?

–Әрбір басшылықта істейтін бірінші басшы заманы келгенде ойлана бастайды: мына билікті ендігі буынға қалай өткіземіз? Оны кім басқарады?

Әрине, менің төңірегімде көптеген жақсы азаматтар болды, өсіп жетілді, оны өздеріңіздер көріп-біліп жүрсіздер. Шынымды айтайын, бірнеше адамның кандидатурасын қарадым. Соның ішінде бүгінгі күндегі ең дұрысы, сай келетіні – осы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев деп есептедім. Неге?

Біріншіден, менің жанымда ширек ғасырдан бері келе жатқан адам. Мен оны білемін. Ол да менің жұмысымның сыр-сипатын барлығын біледі. Екіншіден, қазақтың бірден бір сауатты азаматы. Үшіншіден, дипломатиялық қызметте көп кісілермен танысқан, білген. Мемлекет басшылары да дипломат. Барлығы оны таниды. Менің ұсынысыммен Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысының орынбасары болып, Женевада жұмыс істеді. Содан кейін оншақты жыл Сенатты басқарды. Яғни, заң шығару жағын да біледі. Естеріңізде болса, кезінде мен оны Үкімет басшысы етіп тағайындағанмын, 2 жылдан артық жұмыс істеді.

Ел басқару оңай нәрсе емес. Ел басқара аламын деп әркім-ақ ойлайды. Бірақ барлық сынағынан өзің өтуің керек. Әрине, барлығы мен сияқты бола бермес, ең төменнен, зауыттан бастап, қаланы, облысты, республиканы басқарудан өтті. Ондайда сені ешкім алдай алмайды. Ауылда, ауданда, облыста не істейтінін мен білемін. Сондықтан осылай өсу дұрыс болар еді. Бірақ ондай тізбектен өткізу оңай болмайды. Дегенмен, Қасым-Жомарт Кемелұлы солардың біразынан өтті деп санаймын. Елдің таңдағаны дұрыс. Nur Otan партиясының, менің ұсынуыммен халық сайлады.

Енді бар істе осы Президентімізді бәріміз қолдауымыз керек. Елге сол керек. Баяғыда Төле би бабамыз айтып кеткені есте: Мен болам деген хандары лауазымға таласып, быт-шыт қылды елімді. Көп атты келді көлденең, жаулап алды жерімді.

Егер біз жаңадан қолымызға түскен бақыт – Тәуелсіздікті сақтап қаламыз десек, елдің бірлігін сақтауымыз керек. Елдің ішіндегі тыныштықты сақтау керек. Біз емес, дүниежүзіндегі ең ұлы империя болған Рим империясының философтарының: «Глупые молодые ораторы уничтожили мою республику» айтқаны бар. Біздің халқымыз дана. Үлкенді-кішілі болып тентектерді жолға салып, елімізді алға бастыруымыз керек.

Алдымызда толып жатқан мәселелер бар. Дүниеде қым-қуыт, шым-шытырық жағдай болып жатыр. Алып мемлекеттер бір-бірімен келісе алмай, бірін-бірі сауда жағынан, санкция жағынан текетіресіп отырған кезде, Қазақстан үлкен империялардың ортасында орналасқан мемлекет-халық ретінде әруақытта өте мұқият болуы қажет.

Мұқият болу дегенде, елдің тыныштығы арқылы ғана біз өркендеп, өсе аламыз. Ештеңеден де қорықпаймыз дегенге айтарым, әлі біз жететін жерімізге жеткен жоқпыз. Осындай қарқынмен қозғалған Оңтүстік Корея тек 54 жыл ішінде ғана жетті. Басқалары 40-50 жылдан кейін барып аяғынан тік тұрып, қазіргі жағдайына келді. Барлығын жасап алдық деген тоқмейілсу болмауы керек. Алда ел үшін, халық үшін істейтін талай жұмыс бар. Сол жұмысқа келер ұрпақ дайын болуы қажет.

Мен өз басым ел басқарып, істерімді істедім. Менің буыным істеді. Енді келер буын менен жақсы істесін, көрсін. Оны да көрелік. Қалай болар екен…

–Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз Мемлекет басшысы лауазымынан кеткеніңізбен, мемлекет басқару ісінде маңызды рөл атқара бересіз. Дей тұрғанмен, 19 наурыздан кейінгі бұл алғашқы үлкен сұхбатыңыз болып отыр. Осы ретте мына сұрақ қызық: Сіз өзіңіздің Президенттік қызметіңізді қалай қорытындылар едіңіз? Белгілі бір қорытынды шығаратын кезге келген сияқтымыз.

–Иә, ойлана, сарапқа сала келе, оң нәтиже шығармағанымды түсінсем, мүмкін мен кетпес едім. Жалпы, менің президенттік өкілеттігім 2020 жылдың аяғына дейін созылатын. Бірақ оған қараған жоқпын. Елімізде де, сырт сарапшылар да Қазақстанның осы жылдардағы өсіп, өркендеуіне оң баға берді. Біз бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған республикалар ішіндегі ең тез реформаны жасадық. Экономикамыз да ең тез өсті. Бүгінде Қазақстан экономикасының көлемі көрші төрт ағайынды ел – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды бәрін қосқанда, содан екі есе көп. Бұл деген – істеген жұмыстың нәтижесі.

Біз жай жүрген жоқпыз, дүниежүзілік тәжірибені пайдаланып, стратегиялық бағдарламалар жасадық. «Қазақстан-2030» стратегиясын уақытынан бұрын орындап тастадық. Қазір 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Соның аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру», индустриялық, инфрақұрылымдық даму және басқалары жасалып жатыр. Негізгі мақсат – өркендеп, өскен, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылу. Сондай болғанда, елдің де жағдайы сол елдердегідей болады. Сондықтан мен оң баға беремін.

Біз осы кезеңде тек экономиканы ғана өсірумен тоқтаған жоқпыз. Жыл сайын орташа есеппен 10 миллион шаршы метрдей баспана тұрғыздық. 30 жылда қашан болады? 300 миллион! Мұндай қарқын ешқашан болған емес.

Қазақстанда ешқашан қазіргідей заманауи жолдар салынған жоқ. Жол деген – экономиканың күретамыры. Қазіргі кезде Индустрияландырудың ІІ-ші бесжылдығын жасап жатырмыз. 14,5 мың шақырым жол не жөнделген, не қайта салынған. Олар жай жол емес, Батыстан ғана көретін автобандар. Мұндай жолдар сирек, тарихи кезеңдерде ғана салынады. Германияға барғанда таң қаламыз, ал олар К.Аденауэрдің кезінде салынған жолдар. Біз сынап жүретін генерал Ф.Франко Испанияның барлық жолдарын салып кетті. Тіпті баяғыда Рим империясы кезінде салынған жолдар Еуропада әлі бар. Демек, жол салу деген – экономиканы өркендетумен бір. Бұрын 5-6 сағат жүретін жерге қазір 1-2 сағатта баратын болдық. 2,5 мың шақырым темір жол төселді. Екі теңіз айлағы салынды. Қытаймен шекарада «Қорғас» құрғақ портын аштық. Қазақстан арқылы өтетін жүк транзитінен біз миллиардтаған доллар ақша тауып жатырмыз. Айта берсе, істелген шаруа көп.

Енді осының қарқынын тоқтатпай, ары қарай жүргізе беру керек. Біз шикізатты сатып, ақша табудан біржолата аулақтап, басқа экономикаға көшуіміз қажет. Сол үшін индустриалдық бағдарлама қабылданды. Күн тәртібінде тұрған тағы бір мәселе – ауыл шаруашылығы мәселелері.

Өз тұжырымдауымша, менің буыным қазаққа қолдан келгенше барлық жақсылығын берді. Қаншама университеттер ашылды. ЭКСПО-2017 жаһандық көрмесі ұйымдастырылды. Елордамызда ЕҚЫҰ саммиті өтті. Жылда осында үлкен форумдар өтіп жатады. Шетелдіктерге астанамызды, Қазақстанды паш етеміз.

Әрине, күнде көріп жүргеннен кейін әр нәрсенің бағасы болмайды. Қазақстандық жас ұрпақ оны біле бермейді. 90-шы жылдары не болғанын қайталап айта беру керек. Пәтерлерге жылу берілмей, халық суық үйлерде тұрды. Электр қуаты аптасына бір-ақ рет берілетін. Жалақы, зейнетақыға ақша жоқ. Дүкен сөрелерінің барлығы бос. Біз сондай ауыр ахуалдан бастадық. «Қазақстан мемлекет бола алмайды» дегенді мен талай естідім. «Сендер бола алмайсыңдар! Сендерде ешқашан мемлекет болмаған» дейтін. Әйткенмен, мемлекетіміз құрылды, мемлекеттілігімізді дүниежүзі мақұлдады.

Қазақстанда шегенделген шекара да болмаған. 14,5 мың шақырым шекарамыздың барлығын келіссөз арқылы бекітіп, құжаттап, БҰҰ-ға тапсырдық. Егер шекараның 1-2 шақырымдағы дауы шешілмесе, ол ұдайы төбелес, соғысқа бастайды. Оның барлығын шешіп, шекараны шегендеп, келер ұрпақ алдынан ондай проблеманы алып тастадым. Бұл деген – өте үлкен табыс! Өте үлкен!

Алып елдердің басшыларымен, бизнесмендерімен сөйлескенде, оларды Қазақстанға шақырғанда, оларды елімізге қалай тартамыз? Тек қана білігіңменен, жақсы қарым-қатынас орнатумен. Осылай инвесторларды алып келдік. Қазақстанға 330 миллиардтай ақша құйды. Оның жемісін көріп отырмыз.

–Нурсултан Абишевич, предлагаю вопрос о партии «Nur Otan». Вы поставили задачи, важные, сложные, жизненно-важные для населения. Чем обусловлены масштабы перезагрузки партии?

Во-первых, время не стоит на месте. Все меняется, вместе с временем меняются люди и их психология. Сегодняшная партия, как говорят, с «дремлющего режима» должна перейти к активным действиям. Политическая партия, партия власти, будем так говорить, через которую избираются во все руководящие органы, депутаты разных уровней, Правительство, в конце концов Президент через эту партию избирается, она должна сегодня встать между народом и властью связующим звеном. То есть, знать все чаяния людей на местах, у нас более 800 тысяч членов партии, во всех регионах, селах, аулах, во всех городах и районах. То есть они те, как щупальца, знают, что там делается. Принимаются хорошие программы, решения. Президент объявляет Послание. И дальше что? Вот, партия должна активно работать над тем, чтобы во-первых разъяснить, во-вторых если что не делается то, поскольку Правительство назначается фракцией «Nur Otan» в Парламенте, имеет право пригласить любого министра и сказать почему это не делается. То есть помочь Правительству с одной стороны, с другой стороны разъяснять, что не делается.

Самая богатая страна в мире, одна из богатых стран это – Сингапур. ВВП 56 тысяч долларов на одного жителя. А Коста-Рика 12 тысяч долларов на одного человека. Когда провели исследование, костариканцы считают себя более счастливыми чем сингапурцы. В чем дело, интересно же да? Дело не в богатстве. Точно также американцы допустим, если сравнить наиболее с меньшими объемами экономики государствами, там они себя считают счастливее, чем рядовой американец. То есть оказывается вопрос не в деньгах, а вопрос в ситуации, которая складывается в стране. Если в стране спокойно, если дети не гибнут в войнах, если кровь не льется и есть у человека работа и он живет – в этом и заключается счастье.

Біздің қазақта бір үйдің бала-шағасы көп болып, жағдайы қиын болып жатса, ағайын-туысқан жиналып, көмектеседі. Немесе оның балаларын ағалары-інілері бағып-қағуға алатын. Осындай мәселелерді халыққа түсіндіру керек. Егер ол құр әшейін маған бер дей бермей, маған жұмыс бер десе, онда бұл – Үкіметтің шаруасы. Маған жұмыс беріңдер, мен өзім ақша табайын десе.

Он должен просить работу, рабочее место, чтобы он мог зарабатывать и еще обеспечивать. В конце концов это же комфортно для самого человека. Что я не руки протягиваю, где-то сижу на перекрестке, а сам работаю и сам зарабатываю – вот это правильная постановка вопроса. И государство должно, обязано создавать рабочие места, чтобы люди работали, зарабатывали.

Сегодня роль политической партии – быть с народом, знать чаяния, доносить их до власти, а власть заставлять заботиться и не пропускать ни одной просьбы народа. В конце концов, когда человеку по человечески объяснишь, он уже это понимает. А так вообще не разговаривать и сказать что ты не прав, это неправильная позиция.

Поэтому я перед партией Nur Otan ставлю такую задачу. Эта партия последние 20 лет является политической силой, все выборы проводились через эту партию, и сейчас продолжаем работать. Сейчас перестройка этой партии – новые задачи, новый уровень развития требует перестройки.

–Нурсултан Абишевич, вы до этого говорили, хочу вернуться к нашему главному городу Нур-Султану, этот город открывает новые возможности для людей, мы же видим, и с журналистами разговариваем и говорят, что это действительно, рукотворный такой памятник тому, что невозможно сделать. Вы на Астанинском экономическом форуме говорили о тренде развития городов. Вообще какое будущее у городов миллионников, вы же сами этот тренд и задали в 90-х?

Я знаю, многие не понимают и смотрят с точки зрения «к большим городам приходят липнут, и большие проблемы создают». Если посмотрите, Париж именно так развивался. Был маленький Париж, а потом приезжали со всех окраин и липли вокруг города – тогда власти стали создавать жилые кварталы и таким образом разрастался. Нью-Йорк так растет. Посмотрите Мехико 20 миллионов человек, там половина пригороды. В любых городах, и в Нью-Йорке есть, и в Мадриде, везде есть. То есть, естественно, человек тянется туда, где ему комфортно жить. В больших городах создается наука, заводы и предприятия, там лучшие учебные заведения, там лучшие школы, лучшие рестораны – там вообщем все качественно, поскольку здесь концентрируются знания, наука все. И естественно притяжение человека к таким городам. И эту урбанизацию никто остановить не может. Поэтому надо управлять этим.

Например, в Астане тоже проблема, в Алматы тоже проблема. Стихийно это не должно быть. Положено на одного человека здесь 20 квадратных метров – ты не можешь в свою двухкомнатную квартиру прописывать 100 человек. Поэтому большие города, миллионники – хотим мы того, или не хотим, они будут. Аналитики, эксперты сегодня в один голос пишут, что миром будут управлять миллионники. Не государства миллионники.

Но предполагается что будет 600 миллионников в мире – где будет создаваться наука, где будет культура, где все будет развиваться. Миллионный город, его называют бессмертным. Почему? Любые кризисы в миллионном городе, есть рабочая сила и они производят продукцию, продают и есть кому купить – вот так внутри живет город, сам себя обеспечивает. С этой стороны тоже. Поэтому Алматы у нас к двум миллионам приближается, Астана сегодня миллион двести тысяч уже, но поскольку Шымкент достиг миллионного уровня мы его сделали республиканского подчинения, вы знаете там создали Туркестанскую область и это тоже хорошо. На подходе такие полумиллионные города как Караганда, Актобе и другие. Они подтягиваются, с каждым годом растут и идут туда люди.

–Соңғы кездері урбанизация процесінің белсенді жүргізілуіне байланысты ауылдар мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінің өзектілігі арта түсті. Жастардың көбі қалаға келіп, осында тұрақтап қалғысы келеді. Бұл бір жағынан, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Еліміз урбанизация процесінен қалыс қалмай, ауыл шаруашылығын да дамыта алады ма?

–Біз урбанизацияны жасанды түрде жасап жатқан жоқпыз. Урбанизация жасау деген бағдарлама жоқ. Ол халықтың өзінің қозғалысы. Оған кедергі болу қиын.

Бұл мәселенің ондай жағы да бар. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеге келер болсақ, алып мемлекет Американың ауыл шаруашылығында істеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын халқының көлемі 5 пайыз ғана. Бізде қазақстандықтардың 43 пайызы ауылда тұрады дейміз. Бірақ оның 20 пайыздайы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Қалғаны – келіп-кетіп, қала төңірегінде тұратындар.

Германияға барсақ та, Канадаға барсақ та, халқының 5-7 пайызы ғана осы секторда істейді. Неге олай? Өйткені оларда ауылдағы еңбек өнімділігі өте жоғары. Техникалары өнімді. Химияны үлкен көлемде шығарады және тұтынады. Соның арқасында өзінен-өзі жұмыс орындары қысқара береді, қысқара береді. Ешкімде қазір бекерге ақша шашқысы келмейді. Өнімді әрі табысты болу үшін әрбір ақшасы есептеулі.

Сондықтан біз ауыл шаруашылығына көп көңіл бөліп келе жатырмыз. Дүниежүзінде барлық мемлекеттер ауыл шаруашылығын субсидиямен қолдайды. Мен тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлдім. Неше түрлі реформалар жасадық. Қазіргі бағдарламаларда да субсидия бар, бірақ бізде өнімділігі өте төмен. Астықты әр гектардан 13-14 центнерден алсақ, соған қуанамыз. Мына көрші Қытайда 25 центнерден кем алмайды. Канадада одан да жоғары. Жерлері бізбен бірдей. Неге? Себебі, бізде тыңайтқыштар жетіспейді. Бізде техникамен толық қамтамасыз етіліп болған жоқ. Ендеше ауыл шаруашылығын осы бағытта дамытсақ, бұл салаға сонша адамның қажеті болмайды.

Біз студент кезімізде жаздай ауылға барып, бидай оратынбыз. Қыркүйек-қазанда сабаққа бармайды, барлығын ауылға жібереді. Жүк машиналарын, техниканың бәрін солай қарай жіберетін. Электрик, дәнекерлеруші және басқа мамандарды жолдайтын. Әскер де солай қарай аттандырылатын. Қазір ауыл шаруашылығы фермасы ешкімді алғысы келмейді. Өйткені артық ақша төлегісі келмейді.

Сондықтан бұл мәселенің екі жағы бар, екі жағының да шешімі бар. Біз жыл сайын ауылға мамандарды жолдаудамыз, көтеріңкі жалақы берудеміз. Егер өңдеу индустриясы көтерілетін болса, онда ауыл шаруашылығында жұмыс болады.

Бұл сұраққа жауап табу үшін қазіргі озық өндірістерге барсаңыз, олардан ешкімнің кетпейтінін білесіз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында «Зенченко» компаниясы, Ақмола облысында Сауэрдің «Родина» компаниясы бар, оларға барған жастардың барлығы сонда қалады. Қалған жастарға үй береді, оқытады. Өңдеу жолға қойылған, соның зауытында істейді. Егер қалада үйі болмаса, жұмысы болмаса, не істейді? Ал ана жерде жағдайы жақсы. Ауыл шаруашылығындағы азаматтар жағдайын жасап, жастарды өздеріне тартуы керек.

Кейбір адам қалада, кейбірі ауылда тұрғысы келеді. Біз де ауылдан шыққан балалармыз, ауылды аңсаймыз. Бүгін газетте жусан туралы мақала шығыпты. Жусанның иісі адам бойын сергітеді. Расында, ауылға барғанда, ең алдымен бір түп жусанды жұлып аласың да, иіскейсің, иісі аңқып тұрады. Фильмде Сұлтан Бейбарыс жусанды иіскеп барып, қай елден екенін таныған ғой. Ауыл деген бәріміздің бесігіміз.

Ауылға деген қамқорлық әрдайым мемлекеттің басты міндеті болуы қажет. Қарап отыруы, жағдай жасауы керек. Техниканы алсын, тыңайтқыштарды көбірек шығарып, өнімді көбірек өндіріп, аз адаммен көп өнім жасайтын жағдайға келгеніміз жөн.

Одан қорқуға болмайды, урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды.

–Нурсултан Абишевич, то что сегодня страна имеет, сегодняшний Казахстан, это все знают, все казахстанцы, это – ваши достижения, достижения нашего народа, ваших соратников.

Но есть и критикующие меня.

–Ну как без них? Большинство казахстанцев и весь Казахстан говорит о том, что это достижение ваше как Лидера нации нашего народа. Те времена, это действительно многолетний, титанический, бессонный труд. Поэтому сейчас очень важно понимать, на каких направлениях и проектах должно сконцентрироваться новое руководство страны чтобы самое главное это сохранить и преумножить, не растерять.

Нам нужна преемственность и эволюция, постепенное развитие, а не давайте то сделаем, это сделаем. Это так не работает в объеме государства. Поэтому я уже говорил, у нас есть стратегические планы развития Казахстана до 2050 года. И вот дальнейшие все программы берутся оттуда. 100 шагов, мы говорили, индустриальная программа, инфраструктурная программа все идет оттуда. То есть это надо продолжать – раз.

Второе индустриальная программа от нефти и газа, металла, полезные ископаемые это биржевые товары они имеют плохое обыкновение менять цену, сегодня так, завтра так. Нефть в этом году была уже выше 70, теперь стала меньше 60. А это все большие потери для бюджета. Как их восполнить? Но сырьевые государства через это проходили. Поэтому мы должны создать альтернативную экономику. Мы уже создаем – 1000 предприятий мы создали сейчас. Тысячи предприятий создали, там работают 400 тысяч человек.

Я вот читаю, слышу сейчас, что вот Китай нас якобы захватывает. Где? Кого захватил? Что землю казахстанскую погрузят в вагоны и куда-то увезут? У меня есть договоренность с руководством Китая, когда мы строим совместное казахстанско-китайское предприятие, и правительства подписывает сколько специалистов приедет сюда – по окончании строительства все уходят. И в свое время это был Ху Цзиньтао и он сказал: «если не уходят скажите, мы всех заберем назад». Поэтому не надо фантомные страхи заводить – не перенос предприятия, а мы выбираем самые передовые предприятия, которым нам нужны Казахстану. Какие выпускать изделия, вот их строим и уходим. А кто нам такие инвестиции даст сегодня? Они только у Китая есть такие деньги. Все хотят пользоваться этим. А когда к нам доброе отношение, у меня со всеми руководителями Китая всегда были самые добрые отношения. Сегодня председатель Си Цзиньпинь это подтверждает полностью. Наоборот мы должны этим пользоваться, но быть умными.

Мы поддержали Шелковый путь, потому что этот Шелковый путь нам очень выгоден. Сейчас от Тихого океана через Китай, Казахстан, Каспийское море, Кавказ в Европу везем грузы. И Казахстан на этих контейнерах зарабатывает. Уже миллион контейнеров, а их будет два миллиона. И мы ежегодно будем просто так зарабатывать 5 миллиардов долларов на этом транзите. Понимаете? Во-первых и Россия, и Китай богом данные соседи, куда ты от них денешься? А раз так, мы должны строить добрые отношения. И не поддаваться.

У нас воры и преступники сбежавшие за границу оттуда вещают, честно говоря, мне их жалко просто. Жалко, без родины люди, ходят там никому не нужные и капают на собственную родину, хотя в собственной…

Өзінің елінде жаманшылық болсын дейтін арамзаға адам бүйрегі қалай бұрады, айтыңыздаршы? Қазақстан жаман болсын, Қазақстанда шуылдасын, қазақстандықтар бір-бірімен төбелессін, қырылыссын деп көксейді. Сондықтан ондай жауыздардың сөзін тыңдамау керек.

Менің жасым үлкен, менің істегенім көз алдарыңызда. Мен айтпағанда кім айтады? Ұлттың ақсақалы, жанашыры ретінде менің айтатын сөзім, жастарға ақылым: ең алдымен, білім алуға тырысу қажет. Мына өмір деген қиын. Бұл жерде еңбексіз келетін жақсылық бар деп ойламау керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай бабамыз айтып кеткен өсиеті бар. Біз ұрпақты еңбекке, білімге баулуымыз керек. Жақсы білім алсаң, еңбек етсең, өзің де жақсы боласың, отбасыңды да асырайсың, ешкімге барып тіленбейсің.

Қазақстандағы барлық отбасылар, біздің ағайын осы мәселеде ойлануы керек. Арандатуға ешқашан көнбеу керек.

Барлығымыз елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгі болсын деп ойлауымыз керек.

Сонда бар жақсылық бізге де, келер ұрпаққа да болады. Дүниежүзіне сыйлы, құрметті ел боламыз.

Соған не жетсін?!

–Сіз еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақ үшін қасиетті руханият орталықтарының дамуына ерекше қолдау білдіріп келе жатырсыз. Сол рухани жаңғырған, жанданған шаһарлар қатарында сан ғасырлық тарихы бар Түркістан көш бастап тұр десек қателеспеспіз. Сіздің Жарлығыңызбен былтыр Түркістан облыс орталығына айналды. Арнайы Түркістан облысы құрылды. Дәл осындай тарихи шешім қабылдауға не түрткі болды?

–Ол көптен ойда жүрген мәселе еді. Тіпті осы елорданы таңдаған кезде де мен Түркістан жайлы ойлағанмын. Ол кезде кішігірім қала. Бірақ астаны ол жерге апармайтын болдық. Себебі, бұл онсыз да біздің рухани орталығымыз. Тіпті түрік әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары мен ой-пікірлері де сол жерде туған. 1500 жылдан астам, одан да көп деп айтады осы күні, үлкен тарихы бар ежелгі қаланы осы күні жандандырудамыз. Оңтүстігімізде, құдайға шүкіл, халық жеткілікті. Осының жайын бұрыннан ойлап келе жатқан едім.

Астананы салғаннан кейін оған қаражат та болған жоқ. Шымкент миллион халқы бар қалаға айналғаннан кейін одан елорда, Алматы сияқты тікелей орталыққа бағынатын республикалық маңызы бар қала жасадық. Тиісінше, облыс орталығы мәртебесінен кетті.

Сондықтан мен Түркістанды облыс орталығы деп жарияладым. Түркістан облысын құрдым. Барлық түркітілдес мемлекеттер, басқалары да бұл шешімді қолдады. Мен мұны дұрыс шешім деп санаймын.

Қазір керемет қала орталығы салынып жатыр. Неше түрлі мұражайлар – Қожа-Ахмет Яссауидің, Қазақ тарихының, Түрік тарихының мұражайлары тұрғызылуда. Үлкен ғимараттар, қонақүйлер, медиа орталықтар, мектептер, ауруханалар, саябақтар – барлығы салынып жатыр. Елімізде тағы да осындай орталықтың, осындай облыстың халқымыз көп тұратын жерде, қазақтың қаймағы бұзылмаған жерде болғанының не жаманшылығы бар, жақсылықтан басқа?! Ол жерге мыңдаған туристер келеді. Енді одан артық көбейетін болады. Қонақүйлер болады, жайлы жататын жері болады. Әуежай салынады. Ол Ресейге дейін кететін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында орналасқан. Ар жағында Ташкент деген үлкен қала бар. Қарым-қатынасына жақсы. Меніңше, тағы бір үлкен қаламыз, жаңа облысымыз пайда болғаны қуанышты жағдай. Оған бәріміз атсалысуымыз керек. Солай ғой?

–Нурсултан Абишевич, можно такой любопытный вопрос задать?

Любопытный? Пожалуйста!

–Ваш пресс-секретарь иногда открывает завесу тайны вашего рабочего дня, вот нам интересно, какой он сегодня ваш рабочий день?

Мечтал, наконец, собой заняться (смеется), но не получается. Я принимаю сейчас людей, который просятся ко мне. Я сейчас не вызываю!

У меня задача конституционная, законная. Я занимаюсь партией, Ассамблеей народа Казахстана, я там остаюсь, и Советом безопасности, у него много всяких задач. И конечно не могу не участвовать по приглашению на различных международных форумах. Я теперь Почетный председатель Евразийского экономического союза. Также меня избрали Почетным председателем Совета сотрудничества тюркоязычных государств (Тюркский совет). В Баку состоится их саммит, в понедельник я туда еду. В этих форумах опять же решаются вопросы Казахстана. Его взаимоотношения, торговля с разными государствами, заключаются соглашения. То есть я в этих своих делах работаю на Родину, на страну. Продолжаю работать на Родину.

Очень мало времени. Давным-давно мечта такая была, я потихоньку маслом рисую, пейзажи рисую. Вот сейчас музей закончится, наверное выставлю. Говорят 30 штук надо полотен, чтобы выставлять. У меня уже 30 есть! Везде рисую, рисую природу. Наверное это не шедевры, но очень просят друзья, знакомые. Я им говорю: «подожди, выставлю, потому уже будете брать». Этот вопрос из тех, чем хотелось давно заниматься, но времени для этого не было.

Что еще? Кроме домбры, я хотел играть на гитаре. Говорят когда работу бросаешь, нельзя сидеть, надо заставлять мозг работать. Я много читаю сейчас, разной литературы до которой руки не доходили и политические естественно, и художественные мировую литературу, книг у меня собранных много. Я сейчас перечитываю Ремарка, очень интересные и жизненные у него произведения. Когда вот в молодости читал, не обращал на это внимание, сейчас перечитываешь и по другому смотришь на это. Бальзака я люблю читать, Толстого.

Так что времени лишнего, праздного у меня нету. Дети есть, внуки есть. Больше хочу с ними видеться. Они теперь другие, эти дети и внуки: у них теперь столько забот, у них нет времени. Работают с утра до вечера, бедные, и поиграть им некогда. Вот такой у меня график. Нормально!

Но вот повседневности такой, которая у Президента, у меня конечно, я облегчился. Наблюдаю за всеми делами, работами, подсказываю. Советуются, советую. Не просят совета – не советую. Но если вижу, что-то идет не так, конечно, не могу спокойно сидеть.

–Спасибо, Нурсултан Абишевич, как говорил Черчиль, власть отдавать приятнее, да?

Приятно, чем брать ее. И он был прав.

–Спасибо огромное за это интервью, это важное интервью, для населения, для людей. Вопросы возникают, а ответить необходимо.

–Емен-жарқын өткен сұхбат үшін ризашылығымызды білдіреміз.

–Жарты жылдай уақыт өтті. Үйренетін де уақыт келді. 2019 жылғы 19 наурызда сөйлеген сөзімде халыққа айтқан болатынмын. Менің бұрынғы өмірімде, қалған өмірімде барлық ойым – еліміздің, Қазақстанның тыныштығы мен өсіп-өркендеуі. Қолымнан келгенше, осы жұмысты өмірбақи істеп келе жатырмын, өмірбақи осы іспен айналысып өтемін. Менің басқа арманым да жоқ, басқа ойым да жоқ, тек қана еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен, өсіп-өркендеуде тоқтап қалмаса екен деген мақсат. Меніңше, елдің де мақсаты осындай болуы керек. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Бір болсақ, бір-бірімізді түсінсек, сонда ғана жеңіске жетеміз.

Отыз жылғы жұмысты қалай бағалайсыз дегенде айтқым келгені, мені бүкіл халық болып, 6 рет Президент етіп сайлады. 6 ретте де 80-90 пайыз арасында сайлаушылар маған дауыс беріп отырды.

Сонша күш-қуат маған қайда келді? Ол – халықтың сенімі! Егер елдің басшылығы мен халқы бірге болса, алмайтын қамалы жоқ, шықпайтын төбе жоқ. Бір болғанда табысты боламыз, бір болғанда барлық жұмысымыз өнеді. Елдің игілігіне, Қазақстанның игілігіне жұмыс жасайық. Еліміз мәңгі болсын!

 

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Источник Sauap.org

При копировании материала ссылка на сайт Sauap.org обязательна!

Редакция Sauap.org

You may also like

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

4 × 4 =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

More in Sauap.org