Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы іске қосылды

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы іске қосылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеуге арналған онлайн-калькуляторды іске қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар өздеріне тиесілі болатын жәрдемақының мөлшерін алдын ала әрі өз бетінше есептеп шығара алады.

Онлайн-калькулятор министрліктің www.enbek.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Сонымен, АӘК мөлшерін есептеу үшін азамат тұрғылықты тұратын өңірін; отбасы мүшелерінің санын; жиынтық табысын, соның ішінде еңбекақыны, алиментті, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беруден немесе сатудан түскен табыстарды, кредиттен (микрокредиттен) түскен табыстарды; басқа да табыс түрлерін көрсетуі қажет.

Бұл ретте АӘК мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың, сонымен қатар жоғары және кәсіптік оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттердің саны туралы мәлімет енгізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз – аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап, АӘК критерийлері ең төменгі күнкөріс деңгейінің қазіргі 50%-ынан 70%-на дейін, ақшаға шаққанда, 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылды. Нәтижесінде, жәрдемақы алушылар саны 2018 жылғы 571,6 мың адамнан 2019 жылғы 1 сәуірден бастап, 830 мыңнан аса адамға дейін өседі.

Егер бұрын отбасының әрбір мүшесіне берілетін АӘК-тің орташа мөлшері небары 4 мың 834 теңгені құраған болса, ал 2019 жылғы сәуір айынан бастап, әр балаға 20 мың 789 теңгеден төленетін болады.

Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелері бойынша кеңес-консультацияларды «111» нөмірі арқылы бірыңғай байланыс-орталығынан алуға болады.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

Сайт материалын пайдалану үшін оған гиперсілтеме жасау міндетті!

Жақсы сөз – жарым ырыс, ырысты болу үшін әлеуметтік желілерде бөліс!

Басты фото: https://vao.mos.ru/upload/medialibrary/1de/sotsialnaya-pomoshch-klipart.jpg

Предыдущая Бірегей операция: елордада ми ішінен ісік алып тасталды
Следующая Кеш мені: қарыздың кешірілуіне қатысты жиі қойылатын сұрақтар

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top