Бірегей операция: елордада ми ішінен ісік алып тасталды

Бірегей операция: елордада ми ішінен ісік алып тасталды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында Ақтөбе қаласының 38 жасар тұрғынының миының ішіндегі ісікті алып тастау бойынша күрделі операция сәтті жүргізілді.

Ақтөбе қаласынан келген ер адам астаналық орталықтың орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесіне қаралыпты. Ол басының қатты ауыратынына, басы айналатынына, бұлшық еті құрысатынына (судороги), жадының нашарлағанына, ұмытшақ болғанына және бойындағы жалпы әлсіздікке шағымданған. Қаралғаннан кейін пациентке орталық жағдайында операциялық емдеу ұсынылды.

Бұдан кейін осы аурухананың Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің дәрігерлері әлгі азаматтың қозғалыс аймағының барлық функцияларын және миды зақымдап алу қаупі бар аймақты бақылауға мүмкіндік беретін нейромониторингті қолдана отырып, мидағы ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасады. Сондай-ақ, операция кезінде нейронавигация пайдаланылды, ол ісіктің шегі мен орналасу аумағын анықтайды, себебі ісік пен мидың шекарасы әрдайым анық бола бермейді, қабысып жатады.

Операция сәтті өтті. Пациент өзін жайлы сезінуде және жақын арада шығарылуға дайындалуда.

Операцияны 20 жылдан аса тәжірибесі бар өз саласының майталман мамандары жасады, атап айтсақ, олардың қатарында нейрохирург дәрігер, орталықтың жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев және нейрохирург дәрігер Мұратбек Әбдіғалиұлы Тілеубергенов бар.

Осындай күрделі операциялардың сәтті өтуі бір жағынан, жоғары мамандандырылған орталықтарда заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтардың (интраоперациялық эндоскоп, микроскоп, нейромониторинг, нейронавигация, электронды-оптикалық түрлендіргіш, микрохирургиялық аспаптар және басқаларының) болуы, екінші жағынан, жоғары білікті мамандардың жұмыс жасауы арқасында мүмкін болуда.

Ұлттық нейрохирургия орталығында ұқсас операцияларды жоғары технологияларды қолдана отырып жасау үйреншікті құбылысқа айналып келеді. Күн сайын күрделілік деңгейі әртүрлі 20–25 операциядан жасалады. Шындығында, бұл операциялардың барлығы бірегей болып келеді.

Елордадағы осындай клиникаларда емделуге көршілес елдердің азаматтары да ағылуда.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

Сайт материалын пайдалану үшін гиперсілтеме жасау міндетті!

Жақсы сөз – жарым ырыс, ырысты болу үшін әлеуметтік желілерде бөліс!

Предыдущая Арзан баспана алудың 5 қадамы
Следующая Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы іске қосылды

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top