Кеш мені: қарыздың кешірілуіне қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Кеш мені: қарыздың кешірілуіне қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың тұтынушылық несиелері бойынша қарыздарын жабу бойынша халық жиі қоятын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sauap.org.

  1. Мемлекет көмегімен несиелік борышынан кімдер құтылады?

Төменде көрсетілген санаттағы борышкер азаматтар кепілсіз алған тұтынушылық қарыздары бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша):

  • көпбалалы отбасылар;
  • асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлемдер алатын отбасылар;
  • мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар;
  • жетім балалар;
  • ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, 29 жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бұл ретте тұтынушылық қарыз шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

  1. Тұтынушылық кредиттерді өтеу тетігі қалай жүзеге асырылады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттарға сәйкес келетін азаматтардың тізімін қалыптастырады. Бұл тізім «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ына беріледі, ол өз кезегінде екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) және микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) өзара іс-қимыл жасай отырып, борышкерлер тізімін қалыптастырады, сондай-ақ берешек сомасын есептеп, ақпаратты Проблемалық кредиттер қорына береді.

Бұл қор 2019 жылғы 9 тамызға дейін әрбір ЕДБ-мен және МҚҰ-мен берешекті өтеу туралы келісім бекітеді.

Сонымен қатар аталған тізім негізінде Проблемалық кредиттер қоры өтінім түзіп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қаржыландыру үшін ұсынады. Министрлік 3 жұмыс күні ішінде қаражатты қорға аударады.

2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін қор банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақша аударады. Ары қарай банктер мен МҚҰ-лар азаматтардың қарыздарын 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін өтейді де, борышкерлердің өздеріне берешегінің 300 мың көлемде өтелгені және егер қалған болса, берешек қалдығының мөлшері жайында хабардар етеді.

ЕДБ және МҚҰ 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін займдар бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады және қорға әрбір борышкер бойынша берешектің өтелгені және оның қарызы туралы ақпарат ұсынады.

Қор биылғы 13 қыркүйекке дейін Ұлттық банкке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берешекті өтеудің жүзеге асырылғаны туралы ақпарат пен мемлекет қамқорлығына іліккен адамдардың тізімін ұсынады.

  1. Борыш жүктемесі азайтылатын адамдардың санатына жататынымды қалай білуге болады?

Борышкерлер тізімін қалыптастыру өтініш берушінің қатысуынсыз, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады. Яғни қазақстандықтарға ешқайда өтініш жазып, жүгінуі қажет етілмейді.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін берешекті өтеу жөніндегі ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласу немесе «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

Өзіңіздің әлеуметтік статусыңызды (кешіруге жататын-жатпайтыныңызды) «Электрондық үкімет» веб-порталындағы тиісті қызметті пайдалана отырып білуге болады. Қызмет 2019 жылғы 22 шілдеден бастап қолжетімді болады деп жоспарлануда.

  1. Егер отбасының бір мүшесінде бірнеше қарыз болса, тұтынушылық кредитті өтеу шарттары қандай?

Біріншіден, барлық тұтынушылық қарыздар келісімшарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Екіншіден, бір қарыз алушыға қарыздың жалпы сомасының 300 мың теңгеге дейінгі берешегі ғана өтеледі.

Мысалы, АӘК алатын отбасы мүшесінің біреуіне ресімделген жалпы сомасы 2,5 миллион теңге мөлшерінде 2 тұтынушылық кредиті бар делік. Бұл жағдайда екі кредит бойынша жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі берешек өтелетін болады.

  1. Егер отбасының бірнеше мүшесінде тұтынушылық кредиттер болса, қарыз қалай өтелетін болады?

Егер отбасының бірнеше мүшесі өз беттерінше кредит алған болса, яғни қарыз келісімшарттары әрқайсысына бөлек-бөлек жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз келісімшарты бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы, егер отбасының 2 мүшесіне екі кредит ресімделсе, онда әрбір қарыз шарты бойынша олардың әрқайсысы 300 мың теңгеге дейін өтеуге қол жеткізуге құқылы. Яғни, берешекті өтеудің жалпы сомасы отбасының екі мүшесіне жалпы алғанда 600 мың теңгені құрайды.

  1. Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеудің басымдықтары қандай?

Кредиттік бюро негізгі борыш пен сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздары мен (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:

– бірінші кезекте жылдық тиімді сыйақы ставкасы ең көп қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

– екінші кезекте 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышының және сыйақысының ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

– үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит келісімшарты анағұрлым ертеректе жасалған қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

  1. Қарызды кешіру мерзімдері қандай?

Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу процесін 2019 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

  1. Бұдан бөлек, кредиттің өзі емес, тек оның айыппұлдары мен өсімпұлдары кімге және қалай кешірілетін болады?

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстанның барлық азаматтарына жүргізіледі.

Яғни, санатына қарамастан, барлық қазақстандықтар несиелеріне банктер мен МҚҰ-лар есептеген айыппұлдар мен өсімпұл-пенядан құтылады.

Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес, ЕДБ және МҚҰ-лар есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша берешекті (өсімпұлдар мен айыппұлдарды) кешіруді 2019 жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

Сайт материалын пайдалану үшін Sauap.org сайтындағы тиісті материалға гиперсілтеме жасау міндетті!

Жақсы сөз – жарым ырыс, ырысты болу үшін әлеуметтік желілерде бөліс!

 

Басты фото: http://novosti-saratova.ru/wp-content/uploads/2018/11/dolgi.jpg

Предыдущая Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы іске қосылды

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top