Арзан баспана алудың 5 қадамы

Арзан баспана алудың 5 қадамы

Енді «7-20-25» арқылы кез келген қазақстандық әкімдікте үй кезегінде тұрмай-ақ, «Нұрлы жердің» қолжетімді баспанасын ала алады. Тек үміткердің жеке меншігінде баспанасы болмауы шарт.

2019 жылдың қаңтарынан бастап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға да «Нұрлы жер» аясында тұрғызылған баспананы сатып алуға рұқсат ететін түзетулер күшіне енді. Бұған дейін ол арзан жаңа тұрғын үйді алуға тек әкімдікте үй кезегінде тұрғандар және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары ғана құқылы болатын.

Айта кету керек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы:

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында – 180 мың теңгеге дейін;

– басқа аймақтарда – 140 мың теңгеге дейін болып келеді. Әрленуі – таза.

Бұл ретте салынған барлық үйдің кем дегенде 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрғандар арасында бөліске салынады. Қалғаны «7-20-25» бағдарламасы аясында барша қазақстандықтарға ұсынылады.

«Нұрлы жер» мембағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы арқылы алудың алгоритмі пәтерді жеке құрылыс компанияларынан сатып алу тетігіне ұқсас. Айырмашылығы – тек тұрғын үйдің сатушысы жергілікті әкімдіктердің өзі болатыны ғана.

Ұлттық банк жанынан құрылған «Баспана» ипотекалық ұйымы «Нұрлы жердің» арзан тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алудың 5 қадамын атады.

Бірінші қадам. Жергілікті әкімдік пәтер өткізу басталғанын және тұрғын үй саны «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары үшін де жеткілікті екенін хабарлағаннан кейін дереу әкімдікке жүгініп, ұнаған пәтерді броньдауыңыз қажет. Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктердің біріне барып, кредит алуға өтініш жазасыз және талап етілген құжаттарды тапсырасыз. Осыдан кейін барлық қажетті құжаттарды банкке тапсырғаныңыз туралы әкімдікке хабарлауыңыз және қажет болып жатса, бронь уақытын ұзартуыңыз керек.

Екінші қадам. Банк сіздің, яғни қарыз алушының барлық құжаттарының «7-20-25» бағдарламасы талаптарына сәйкестігін қарайды және ипотекалық кредит беруді мақұлдайды (сәйкес келмесе, мақұлдамайды). Егер құптаса, банктен кепілдік хатын (гарантийное письмо) алып, әкімдікке жеткізесіз. Әкімдік «сатып алу-сату шартын» дайындайды.

Үшінші қадам. Нотариус сатып алу-сату шартын куәландыруға тиіс. Бұдан кейін банктің шешімі және оның келісуі бойынша сіз бастапқы жарнаны өз қалауыңызша не банкке, не әкімдіктің шотына енгізуіңіз қажет. Қарыз алушы ретінде сіз сатып алу-сату шартын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, яғни ХҚКО-да немесе нотариус арқылы (egov.kz арқылы онлайн) тіркеуге тиіссіз. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке тапсыруыңыз керек.

Төртінші қадам. Сіз банкте:

– қарыз шартына (договор займа),

– төлем жасау кестесіне (график платежей),

– сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартына (договор залога приобретаемого жилья) қол қоясыз.

Осы соңғы аталған шартты ХҚКО-да немесе нотариус арқылы (egov.kz арқылы онлайн) тіркеуге тиіссіз. Бұл шарт мемлекеттік тіркелгеннен кейін банк қарыз сомасын әкімдікке өзі аударады.

Бесінші және жанға жағымды қадам. Сіз жаңа пәтердің кілтін алып, өзіңіздің меншікті баспанаңызға көшесіз.

Дереккөзі (қайнары) Sauap.org

 

Сайт материалын пайдалану үшін гиперсілтеме жасау міндетті!

Жақсы сөз – жарым ырыс, ырысты болу үшін әлеуметтік желілерде бөліс!

 

Басты фото: (Халықтардың ұлы қоныс аударуы)

https://ic.pics.livejournal.com/eponim2008/17443609/345112/345112_original.jpg

Предыдущая Қазақстандық тұңғыш микроспутник
Следующая Бірегей операция: елордада ми ішінен ісік алып тасталды

0 Комментарий

Комментариев пока нет!

Вы можете быть первым оставив комментарий на этом посту!

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

 

Top