Sauap.orgМәдениетӨнер

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ»

Өтетін орны: «Қазанат» ипподромы

Өткізілетін уақыты: шiлде – қыркүйек айларында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, Қазақстанда ұлттық спорт ойындарын насихаттау және кеңінен тарату мақсатында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорт түрлерінен тұңғыш «Ұлы дала рухы» фестивалін кеңауқымда өткізеді.

«Ұлы дала рухы» фестивалі кезінде қазақ даласы ұлттық спорттың дүрмегіне бөленеді. Бұл аламанға ата-баба мұрасын өмірге серік еткен барлық майталман сайысшылар қатыса алады.

Алдымен биылғы наурыз-шілде аралығында бүкіл республика көлемінде көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қыз қуу, бәйге түрлері және басқалары бойынша «Ұлы дала рұхы» ұранымен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыстар бірнеше кезеңді қамтыды:

І кезең – аймақтық іріктеу сайыстары (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс).

ІІ кезең – ақырғы айналым сайыстары.

Облыс орталықтарында өткен аймақтық іріктеу жарыстары қорытындысында еліміздің солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінен бір-бір командадан алға озып шықты.

Енді олардың барлығы Астана қаласында өтетін ұлттық спорт түрлері бойынша ақтық сындарға қатысады. Бұл сайыстар көкпар, бәйге, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі бойынша ұйымдастырылады.

Ұлттық мұрамыздың насихатын күшейтіп, өрісін ұзартуды көздеген  «Ұлы дала рухы» фестиваліне баршамыз жанкүйер болайық.

«Қазанат» ипподромының мекенжайы:

Астана қаласы, Қарқаралы, 1

Оған автобустармен де жетуге болады (аялдама «Қазанат» ипподромы): 301, 302, 303, 308: 12, 32, 35, 46, 53, 102 экспресс, 300, 305, 312.

Дереккөзі: Sauap.org

сілтеме: 20astana.kz,

Редакция Sauap.org

You may also like

Sauap.org

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ҚҰТЫ

фото: https://24.kz/  Қасиетті Қазалы өңірінде Тілеуберген Төребекұлы есімді кеудесі қазынаға толы абыз ақсақал ...

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

nineteen − twelve =

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

More in Sauap.org